26.09.2018 21:11

359.76
423.26
52.34
5.21
5.47
58.86


Оңтүстікқазақстандықтар 9 мыңға жуық автокөлікті жоюға өткізген

Бейсенбі, 03 Мамыр 2018 11:55

2016 жылдың 21 қарашасында ескі көліктерді жоюға сатып алу Бағдарламасы іске қосылған күннен бері  49 909  автокөлік қабылданды.  Ал тозған көлігін жоюға тапсырған қазақстандықтарға 7 млрд 486 млн  теңге қаражат аударылды. 

Бұл жөнінде ӨКМ Операторы баспасөз қызметі хабарлады.

Ескі көліктерді жоюға өткізу Бағдарламасын жетілдіру мақсатында 2017 жылдың 26 маусымнан бастап елімізде жеңіл және жүк көліктерін тапсырып, отандық автоөндірушіден су жаңа көлік сатып алуға жеңілдік берілетін сертификат бағдарламасы іске қосылды.

Сертификат бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге дейін (26 маусым 2017ж. – 3 мамыр 2018ж.) 12 840  автокөлік қабылданды. Табысталған сертификаттың 11 мыңнан астамы  отандық  өндірушіден 6 089 автокөлік сатып алуға.

Жеңілдік сертификатының құны тапсырылатын көлік құралының санатына байланысты 315 мың теңгеден 650 мың теңге аралығында бағаланады.

Ескі көлігін жоюға тапсыру бойынша белсенді аймақтардың арасында Шымкент қаласы көш басында тұр. Оңтүстік Қазақстандықтар жоюға -  8 813  автокөлік өткізген. Одан кейін 5321 көлік тапсырған Алматы қаласы тұр. Үздік үштікті 4983 көлік өткізген Көкшетау қаласы түйіндеген. Тозған көліктерді сатып алу және сертификат беру Бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге дейін бас-аяғы – 62 749  автокөлік қабылдады.

Жоюға тапсырылған көліктердің басым бөлігін кеңестік кезеңде шығарылған («Жигули», «Москвич», «Волга» т.б.) көліктер. Олардың  арасындағы ең ескісі 1946 жылы шыққан «Москвич 400» болса, ең жаңасы 2014 жылы шыққан «LADA» 21901 көлігі.

Ескі көлікті жою бағдарламасы отандық автопаркті жаңартып, экологиялық көлік құралдары өндірісін ынталандыру және қайта өңдеу саласын инфроқұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper