28.05.2018 07:07

327.42
383.51
51.26
4.81
5.29
69.27


Ақмола облысының заманауи жұмыспен қамту орталығы таныстырылды

Сенбі, 14 Сәуір 2018 11:47

Аршалы ауданында өткен Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының отырысы барысында, басқарма басшысы Дина Ахметжанованың бастамасымен аудан әкімдері Аршалы ауданындағы Халықты жұмыспен қамту орталығында болды.

Халықты жұмыспен қамту орталығының жаңа ғимаратында қонақтар заманауи технологиялармен жабдықталған кеңселерді, электронды кезек күту залын, конференц-залын аралап, консультанттарға арналған жұмыс орындарымен танысты.

Дина Ахметжанованың айтуынша, алдағы уақытта облыстың барлық аудандары қызмет көрсетудің дәл осындай заманауи үлгісіне көшетін болады. 

 

АҚПАРАТ

Аршалы кентiнде жұмыспен қамту орталықтарының қызметiн жандандыру және маңызды әлеуметтiк мәселелердi тез арада шешу үшiн биылғы жылдың 22 ақпанында қазiргi заманға сай «Халықты жұмыспен қамту орталығы» ашылған болатын.

Бұл жаңа орталықта ауыл тұрғындарына жұмыспен қамту, жұмыссыз азаматтарды тiркеу, жұмыссыз азаматтарға анықтама беру, жұмыспен қамту үшiн жолдамалар, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтiк жұмыс орындары, көшiрудi, кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, сондай-ақ, шағын несие беру және басқа да қызметтер көрсетедi.

Сондай-ақ, халыққа ыңғайлы болу үшiн жаңа орталықта электронды кезек, күту залы, консультанттар үшiн арнайы жұмыс орындары, конференц-зал орналасқан.

Орталықтарды қайта құру азаматтарға қызмет көрсететiн еңбек институттарын құруға мүмкiндiк бередi. Бұл жеке меншiк сектор жұмыссыз азаматтардың кәсiптiк бағдарлануына, олардың бiлiмi мен жұмысқа орналасуына үлес қосатындығын бiлдiредi.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper