19.11.2018 06:48

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Оңтүстік облыстарда дауылдық ескерту жарияланды

Сейсенбі, 10 Сәуір 2018 12:22

Қазгидрометтің хабарлауынша, 10-12 сәуірге күндері батыс аймақтарға жауын-шашынсыз ауа-райы тұрақталатын антициклон жылжиды.

Қазақстанның солтүстігінде орналасқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар көптеген облыстардың кей жерлеріне жаңбыр және ылғалды қар түрінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ алып келеді.

Оңтүстік облыстарда дауылдық ескерту жарияланған.

10 сәуірде Қызылорда, 9-11 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік сақталады, 11-12 сәуірде түнде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік күтіледі.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық болады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper