18.11.2018 13:57

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Қазақстанда су деңгейінің көтерілуі 6 сәуірге дейін сақталады

Бейсенбі, 05 Сәуір 2018 13:43

Қазгидрометтің хабарлауынша, 6 сәуірге дейін су деңгейінің көтерілуі Алматы қаласы және Қазақстанның 11 аймағында сақталады.

6 cәуірге шейін су тасқынының қаупі Алматы қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында сақталады.

Қазгидромет өзендердегі су деңгейінің көтерілу қаупі және су тасқыны мүмкіндігі туралы мүдделі мемлекеттік органдарды, ТЖ қызметтері мен халықты хабардар етіп, уақытылы дауылдық ескерту шығарды.

Көптеген облыстардағы су тасқынының қаупі температуралық фонның көтерілуіне, қардың бірте-бірте еруіне және  мұз құбылыстарының  әлсіреуінен болуда.

Қазақстанның оңтүстігінде су деңгейінің көтерілуі температуралық фонның көтерілуімен және кей жерлердегі қатты жауын-шашын болжамының әсерінен күтілуде.

Павлодар облысында температураның көтерілуінен басқа, өзендердің алқаптық учаскілеріндегі су деңгейінің көтерілуі және су басу қаупі - Шүлбі су қоймасындағы шығарындылардың артуына байланысты болып отыр.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper