28.05.2018 07:03

327.42
383.51
51.26
4.81
5.29
69.27


5-7 сәуірге арналған ауа-райы болжамы

Бейсенбі, 05 Сәуір 2018 10:00

ҚазГидрометтің хабарлауынша, 5-7 сәуір аралығында шығыста күн жылынып, батыста күн суытады.

Қазақстанға жылжыған суық антициклон көптеген облыстарға температураның төмендеуін алып келді.

Алдағы тәулікте атмосфералық үрдістердің қайта құрылуы басталып, Иран ауданынан жылы ауа массалары келіп түсетін болады.

Олар республиканың шығыс жартысында ауа температурасының жоғарылауын туындатады.

Поволжья аудандарынан батыс аймақтарға атмосфералық фронттар жылжып келеді, олар жауын-шашын, жаңбыр және ылғалды қар алып келеді.

Батыста ауа температурасы айтулы кезеңдегі әдеттегі нормадан 2-4 градусқа төмен болады деп күтілуде.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper