23.02.2018 04:16

319.68
392.95
50.26
4.7
5.63
84.09


«Қайран өмір» көркем фильмі оң бағасын алды

Жұма, 29 Желтоқсан 2017 11:24

Белгілі медиаменеджер, «Қазақ радиолары» ЖШС директоры Мәди Манатбекұлының жетекшілігімен жуырда көпшілік назарына «Қайран өмір» атты қысқаметражды көркем фильм ұсынылды.

Қазіргі көрермен айтары мол, рухани құндылықтарға негізделген фильмдерге зәру. Себебі, күнделікті күйбің тіршіліктің қамымен жүріп сыйластық, үлкенге құрмет, ата-ананы қадірлеу тәрізді қарапайым түсініктерді қаперден шығарып алдық. Ал осының бәрі бүтін болса, жүрек жұмсарар еді дейді туындының авторы.

Перзент парызы, ананың балаға деген шексіз махаббатын баяндайтын шағын фильм көрермен жүрегіне жетіп жатқандығын айтқан фильмнің продюсері Мәди Манатбекұлы:

- Жан-жақтан келіп түсіп жатқан өтініш-тілек, алғыстар осы жобаны әрі қарай жалғастырып, жұртшылық жүрегін жібітер фильмдер түсіруді көздеп отырмын, - деді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper