28.05.2018 07:15

327.42
383.51
51.26
4.81
5.29
69.27


«Астана Балет» сахнасында қысқы ғажайып

Сейсенбі, 26 Желтоқсан 2017 17:48

26-28 желтоқсан аралығында «Астана Балет» театры Қазақ ұлттық хореография академиясымен бірлесіп балетсүйер қауымға алғаш рет Петр Ильич Чайковскидің «Щелкунчик» атты ғажайып ертегі балетін көрсетуде.

Жаңа жыл қарсаңында «Астана Балет» театры көрерменіне нағыз қысқы ертегіні паш етуде. Алты күн бойы театрдың жаңа жылдық атмосферасы мен «Щелкунчик» атты ғажайып балеті ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық.

Театр директоры Валерий Кузембаевтың айтуынша, «Астана Балет» театрының сахнасына балет Василий Вайноненнің редакциясында  қойылуда Бұл спектакль талай жыл Мариин театры репертуарының көркі болатын. Гофманның «Щелкунчик пен тышқан патшасы» атты ертегісінің желісімен либреттосы жазылған үш көріністі балет қойылымын жасаған РФ Халық әртісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова.

«Щелкунчик» спектаклі 1934 жылы көрерменге жол тартып, әлі күнге дейін өзектілігін жоймай келе жатқанын айтқан қоюшының ассистенті Елена Шерстнева:

- Әсемдік пен ғажайыпқа толы ертегіге қатысу – бір бақыт. Балетте (Вайноненнің редакциясыдағы) көп балалар қатысады. Бұл – академия оқушылары үшін үлкен тәжірибе мектебі, кәсіптің қыр-сырына қанық болу, - деді ол.

«Щелкунчик» балетінің романтика мен сиқырға толы өзіндік қойылымын Василий Вайнонен 1934 жылы С.М.Киров атындағы Ленинград опера және балет театрында (Мариин театры), кейін, 1938 жылы – Үлкен театрда қойды. Содан кейін, бұл қойылым КСРО және шет елдердің көптеген театрларының сахнасына шығарылған болатын. Балетте Чайковский мен Петипа заманында болмаған, классикалық бидің жаңа техникасы қолданылды. Хореографтың нағыз шедевріне айналған «Ақшақарлар биі» көрінісі болатын. Оны жеке концерттік нөмір ретінде де жиі көрсетіп келеді.

 

Музыка сыншысы Борис Асафьев «Щелкунчик» - балалық шақ жайлы симфония. Анығын айтқанда, балалық шақпен қоштасар сәттегі сезім жайлы жыр. Бозбала шақтың көкжиегі көрінгенімен, балалықтың тәтті қиялы мен үрей-қорқынышы таусыла қоймаған кез. Ойыңыз бен сезіміңіз түс арқылы асқақтап, тек сезіне алатын, елестете алатын бейтаныс өмірге қарай қадам басасыз» деп жазған.

 «Щелкунчик» шығармашылық жобасына барлығы 40-қа жуық театр әртісі мен 150-ден астам академия тәрбиеленушісі қатысып жатыр.

Хореография академиясының оқушылары бірінші акттің балалар сахнасын, ақшақарлар биін, дивертисменттегі қуыршақтар биін орындап, ал, академия түлектері Маша мен Ханзаданың жетекші партияларын орындап шығады.

Әртістердің жасы да ересегі де күн-түн демей дайындық жүргізгенін айтқан Қазақ ұлттық хореография академиясы кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің жетекшісі Светлана Кокшинова:

- Бұл – болашақ әртістердің кәсіби тұрғыда шыңдалуына, театрдың рух берер ұлылығын сезініп, сахналық өмірді шынайы түрде сезініп, білуге негізделген үлкен тәжірибе. Балалар күнделікті дайындыққа үлкен ықыласпен, қызығушылықпен барады. Олардың көңіл-күйі көтеріңкі, тіпті, жаңа жылға ата-анасына баруға да асық емес. Өйткені, ғажайып жаңа жылдық көңіл-күймен қатар, үлкен ахнада өнер көрсету, «театр өмірінің» дәмін сезіну – оларға шабыт сыйлап, өнерге деген қызығушылықтарын арттырып келеді, - деді.

Сахнада алғаш рет өнер көрсететін астаналық хореография академиясының оқушысы Әлима Әлиханова:

- Мен бірінші рет «Щелкунчикке» қатыспақшымын. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік. Мен көрермендер алдында жақсы өнер көрсетіп, көңілдерінен шығуға тырысатын боламын. Менің талабыма сеніп, Машаның ролін ұсынған сүйікті оқытушыларыма алғыс айтқым келеді. Қойылы көрермендер көңілінен шығады деп үміттенемін, - деді.

 

«Астана Балет» театры үшін қойылым сценографиясын театрдың декорациялық цехінің жетекшісі Жандос Омаров дайындады. Оның айтуынша, дайындық барысында Мариинский театрының тұжырымдамасы басшылыққа алынды.

- Біз толық циклді театр болуға дайындалып келеміз. Көрерменге көрінбейтін сахна сыртындағы зор жұмысты біздің цех жұмыскерлері атқарып келеді. 200-ден астам костюмдер мен реквизиттер дайындалды. Ерекше реквизиттер мерекелік спектакльдің әсемдігі мен ғажайыпқа толы екендігін дәлелдей түседі. Біздің театр алғаш рет үш актілі, толыққанды спектакль қоймақшы. Балеттің өзіндік сценографиясы жанға жайлы, мерекелік көңіл-күй сыйлап, көрермендерге қайталанбас әсер береді деп үміттенеміз», - дейді театр басшысының орынбасары Дүйсен Мұсабеков.

 

АҚПАРАТ

Маша мен Щелкунчик жайлы оқиға – шынайы махаббат, достық пен адалдық көптеген қиыншылықтарды жеңуіңізге септігін тигізіп, Тышқан патшасының әскерімен шайқасып, оны жеңуге көмектесетіні жайлы оқиға. Жаңа жылдық осы ертегі балаларға, сонымен қатар, ересектерге де қиян-кескі ұрысқа тайсалмай бас салған кезде ғана жеңіске жетуге болатыны, махаббат күші бәрінен де басым түсетіні жайлы еске салатын оқиға. Балеттегі оқиға жаңа жыл мерекесі қарсаңында өтеді, демек, әрбір көрермен жыл алдындағы ғажайып көңіл-күй куәгері болары сөзсіз.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper