26.09.2018 02:55

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


«Қазақстан аңыздары» BBC World News телеарнасынан көрсетіле бастады

Сейсенбі, 07 Қараша 2017 16:50

«Қазақстан аңыздары» жарнамалық кампаниясы аясында, Қазақстанның қасиетті жерлері – Айша бибі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған ең танымал жәдігер «Алтын адам» тарихы туралы түсірілген бейнероликтер, 4 қарашадан бастап BBC World News телеарнасында көрсетіле бастады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген бейнероликтердің биыл қыркүйек айында «Қазақфильм» киностудиясының территориясында және Есік, Үшқоңыр, Түркістан, Қапшағай қалаларында өткен.

– Осы жылы көктемде Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында еліміздің Үшінші жаңғыруын орындау мақсатындағы басты жоба деп – «Қасиетті Қазақстан» жобасын атаған болатын.  Ұлттық кодымыздың негізі болып табылатын, халқымыздың бай мұрасын және мәдениетін насихаттау үшін, «Қазақфильм» киностудиясы BBC World News телеарнасымен бірлесе отырып, «Қазақстан аңыздары» атты жарнамалық кампанияны бастап кетті. Кампанияның басты мақсаты – сыртқы және ішкі мәдени туризмді дамыту. Ол өз кезегінде әлемдік бәсекелестікке жол бастайды, - деді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Серіп Жұбандықов.

 

АҚПАРАТ

Бейнероликтерге Оңдасын Бесикбасов, Нұрлыбай Есімғалиев, Шұғыла Сапарғали, Аян Өтепберген, Динара Бақтыбаева, Фариза Ескермес сынды тағыда басқа актерлер түскен.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper