15.12.2018 10:24

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


EXPO 2020: «Поэма» павильоны қандай болады?

Дүйсенбі, 12 Қараша 2018 13:52

Британиялық дизайнер Эс Девлин (Es Devlin) Дубайда өтетін «Экспо-2020» көрмесінің нысандарының бірі болашақ Poem Pavilion жобасын көрсетті.

Павильон конус тәрізді болады. Ал конустың көрінетін бөлігіндегі тақтайшаларында LED-экрандар орналастырылып, конустың қасбетін бейнелейтін сақина тәрізді бөлік әрдайым айналмалы қозғалып тұрады.

Биіктігі 20 метр құрылыстың экрандарына жасанды интеллекттің ағылшын, араб, қытай және француз тілдерінде жазған өлеңдері шығып тұрады. Ғимаратқа жарықтандырылған Maze of Aspiration дәлізі арқылы кіреді. Конус тәрізді құрылыстың ішіндегі алаңда әр елдің композициялары хормен орындалатын болады. Жоба авторының айтуынша, бұл павильонға келушілерді біріктіре түседі.

Poem Pavilion концепциясын жасауда дизайнерге физик Стивена Хокингтің соңғы жобаларының бірі — Breakthrough Message әсер еткен. Жобаның мақсаты космосқа музыкалық және дыбыстық хабарлар жіберу болатын. Сондықтан жасанды интеллекттің өлеңдері де космоспен байланысты терминдерден тұратын болады.

Аяқталған жоба 2020 жылы Дубайда өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесінде ашылады. Дизайнердің хабарлауынша, нысанды 2020 жылы көрмеге келетін 25 миллион адам тамашалайды.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper