15.11.2018 18:32



«Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі

Сейсенбі, 06 Қараша 2018 12:25

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы интернетке «Күлтегін» атты толықметражды анимациялық фильмінің бірінші трейлерін жүктеді.

Жас режиссер-аниматор Адай Әбілданың қолынан шыққан аталмыш тарихи анимациялық туынды көшпенді халықтардың басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердің дәстүрін жалғастырған түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жастық шағы туралы баяндайды.

 

Фильм туралы:

Ұлы түрік мемлекетіне ыдырау қауіпі төнеді. Түркілердің бірлігін сақтап қалан Ұлы Елтеріс қаған жаңа мемлекетті құруды көздеген сатқындардың қолынан мерт болады. Тақтың мұрагері Елтерістің ұлы 12 жасар Күлтегін қашып құтылады. Өзінің туған жеріне оралу үшін ол көптеген қиындықтарды басынан өткізеді. Бұл жолда оған түркілердің жебеушісі Көк Бөрі мен туған бауыры Білге көмекке келеді. Басы біріккен олар жауды жеңіп түркі ілемін құтқарып алады. Білге қағанды таққа отырғызған Күлтегін түркі мемлекетінің әскери қолбасшысы атанады.

 

Ұзақтығы: 60 минут
Тілі: қазақ тілінде
Қоюшы режиссер: Адай Әбілда
Сценарий авторлары: Адай Әбілда, Жәнібек Нұрбекұлы
Қоюшы суртшілер: Қасиет Сақиолла, Жәнібек Нұрбекұлы, Адай Әбілда

Композиторы: Әсет Дәненов

Дыбысрежиссері: Евгений Селюков

Редакторы: Салтанат Дүнгенбаева

Кеңесшілер: Тамара Мұқанова, Едіге Тұрсынов

Продюсер: Адай Әбілда

Директоры: Айбике Рақымжанова

Аниматорлар: Абзал Инсебаев, Қуаныш Нағыз, Мейіржан Төлепбай, Шаттық Тұрсынали, Қасиет Сақиолла, Ермек Мананбаев, Жақсыбек Кәміл, Бағдар Жынсабек, Қали Бақытхан, ГүлжанҚаділбек, Мариям Қалибек, ТемірланКенжеғалиев, Кұнанбай Әбелдинов, Жанәділ Байдарбек, ШыңғысСапар

Рөлдерді дыбыстаған: Мерей Әжібеков, Азамат Қанапия, Бақытжан Жармұхамбетов, Гүлназ Әуесбаева, Руслан Ахметов, Динара Әбікеева, Нүкетай Мышбаева және басқалары.

 

АҚПАРАТ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша жарыққа шыққан бұл туынды жалпыұлттық прокатқа қарашаның 22-сінен бастап шығады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper