22.07.2018 18:46

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


16 наурыз «KazGrain 2018» халықаралық конференциясы өтеді

Жұма, 02 Наурыз 2018 15:09

Түркияның жетекші астық өңдеуші және трейдинг компаниялары 2018 жылдың 16 наурызында Астанада өтетеін «KazGrain 2018» халықаралық конференция жұмысында белсенді қатысуды жоспралауда. 

Бүгінгі күні конференция жұмысына қатысуын түрік бидай нарығының көшбасшылары ресми растады -  Ulusoy Un Sanayi Ve Ticaret A.S., Hakan Agro Commodities Trading Co, MPM Gida Sanayi Ve Ticaret LTD.STI, Meke Commodity Trade House DMCC компаниялары және басқалар. Сондай ақ түркиялық қатысушылар саны конференция күні жақындағанда өседі, себебі бірқатар компаниялар тіркелу рәсімін жүргізіп, аяқтау үстінде. 

«KazGrain 2018» шеңберінде «Түркияның ұн өнеркәсібі мен ұн саудасын дамыту» баяндасымен Түркия ұн тарту федерациясының жауапты хатшысы (TUSAF) Вурал Курал сөз сөйлейді. 

Түркиялық бизнестің Қазақстан бидай нарығына деген қызығушылығының жоғары болуы соңғы жылдардағы қазақстандық бидай мен қайта өңделген өнімдердің экспорт көлемінің өсуімен байланысты. ҚР ҚМ Кедендік бақылау Комитетінің мәліметтері бойынша тек 2017/18 ж. шілде-желтоқсан айларында Қазақстаннан Түркияға бидай экспорты 97,6 мың тоннаны құрап, 2016/17 жылдардағы көрсеткіштен 1,5 есе көбейе түсті. 

Жалпы, Түркияның бидай импортына деген сұранысы ағымдағы маусымда FAO сарапщыларымен 5,3 млн.тонна деп бағаланды, ал 2015/17 ж. елге 4,9 млн.тонна жеткізілді. Осылайша, «Қостанай-Мерсин порты» жүк бағытының іске қосылуын ескере, Түркиядағы бидайға деген тұрақты сұраныс Қазақстан үшін отандық бидайды түркиялық импортқа айналдыру жақсы мүмкіндік болып табылады. 

Сонымен қатар, Түркияның бидай қайта өңдеу өнімдері, соның ішінде бидай ұны экспорты бойынша көшбасшы екенін атап өткен жөн. IGC сараптама агенттігінің мәліметтері бойынша 2017/18 ж. түрік ұнының экспорттық әлеуеті 5,45 млн тоннаны құрайды /2016/17 жылдары бұл көрсеткіш 5,32 млн тоннаны құрады/.

Қазақстан мен Түркия арасындағы бидай саудасын дамыту, екі ел арасында өзара табысты бидай бизнесін құруға конференция жұмысы шеңберінде келіссөздер жүргізуге болады. 

 

Қосымша ақпарат үшін: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бізге пресс-релиз жіберу үшін: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper