19.11.2018 06:49

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


«Тұмар патшайымның» рөліне кастинг жарияланды

Дүйсенбі, 19 Ақпан 2018 10:56

«Қазақфильм» киностудиясы «Тұмар патшайым» тарихи картинасына 3 пен 10 жас аралығындағы қыздарға кастинг жариялады.  

Қыздардың түр-әлпеті басты рөлді ойнайтын Альмира Тұрсынға ұқсауы тиіс.

Талаптар: шашы сары, көздері жасыл қыздар.

Жасы: 3 жастан 10 жас аралығындағы қыздар (түрі – ірі план (анфас және профиль), орта план және тұла бойы түсірілген, фильтрсіз және көзілдіріксіз түскен фотографияларды поштаға жіберу қажет.

Сондай-ақ, анкеталық: аты-жөні, туған жылы, бойы, салмағы, көзінің және шашының түсі, түсірілімдердегі тәжірибесі туралы ақпарат жіберу қажет.

Ұлты: барлық ұлт өкілдері

Қастингке қатысу ақысыз.

Фото және анкета This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды адресі бойынша қабылданады.

Қызыңыз түсірілім тобының көңілінен шықса, олар сіздермен байланысқа өздері шығады.

Назар салыңыз! Кері байланыс үшін өзіңіздің телефон нөмірлеріңізді көрсетуді ұмытпаңыз.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper