26.09.2018 14:44

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


«Қазақфильм» сценарийлер конкурсын жариялайды

Бейсенбі, 08 Ақпан 2018 11:01

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қарасты «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметрлі көркем фильмдер сценарийлеріне конкурс жариялайды.

Киностудиясының баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, конкурстық жұмыстар 07.02.2018  мен  07.05. 2018 аралығында қабылданады және сценарийлерді еліміздің танымал кинематографистері іріктейді. 

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қарасты «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметрлі сценарийлер конкурсына жұмыстарды төмендегі шарттар бойынша қабылдайды:

–  Конкурсқа тек Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады;

–  Ұсынымдарды қабылдау мерзімі –  07.02.2018 мен 07.05.2018 аралығы;

–  Конкурсқа қысқаметражды көркем фильмдерге арналған сценарий немесе әдеби шығарма негізінде қазақ не орыс тілдерінде, 5-20 бет көлемінде жазылған сценарийлер (бір немесе бірнеше авторлар бірлесе жазған)қабылданады.

– Салалық білімі бар немесе киноға жақын сала бойынша білімі болғаны абзал;

 

Конкурсқа жолданатын ұсыным тәртібі:

• Автор туралы қысқа ақпарат және оның осыған дейін жасаған жұмыстары (2 бетке дейін);

• Аннотация (500 белгіге дейін);

• Синопсис (3000-4000 беліге дейін);

Конкурстық жұмыстарды үш айдың көлемінде This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.   электронды поштасы арқылы жіберуге болады. Қосымша ақпарат алу үшін: + 7 727 313 11 35.

 

Айта кетерлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі конкурсқа қабылданған сценарийлердің өндіріске жіберілетініне кепіл бермейді және комиссия мүшелері сценарий авторларымен байланысқа шықпайды.

Сценарийде төмендегі мазмұндағы сахналар болмауы тиіс: конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді үгіттеу немесе насихаттау; Республиканың тұтастығын бұзу; мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністері, сонымен қатар порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы көріністер.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper