19.11.2018 06:49

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


Why Think Tanks Matter 2018 әлемдік форумы

Жұма, 19 Қаңтар 2018 13:21

Өткізілетін орыны: Астана қаласы, Әлихан Бөкейханов көшесі 10,   «Назарбаев Орталығы»

Өткізілу уақыты: 9.30-12.30

2018 жылғы 30 қаңтарда Пенсильвания университетінің жанындағы халықаралық Талдамалық Орталықтар және Азаматтық қоғам Бағдарламасы жыл сайынғы жаһандық форум өткізеді, оның шеңберінде әлемнің 150 қаласында бір уақытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жанындағы Экономикалық зерттеулер институты аталған форум шеңберінде Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтымен бірігіп «Қазақстандағы талдамалық орталықтардың рөлі» тақырыбында конференция өткізетіні туралы хабарлайды.

Жетекші талдамалық орталықтар және зерттеу институттары, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы халықаралық ұйымдар Конференция қатысушылары болып табылады. 50-ден астам ұйым қатысады деп күтіледі.

Конференцияның негізгі бөлігі Қазақстанда талдамалық орталықтар қызметінің ең өзекті мәселелерін және дамуын қарастыруға арналған панельдік пікірталас болып табылады. Панельдік пікірталас спикерлері ретінде Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының, «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының, Стратегиялық бастамалар орталығының, Қазақстандық индустрияны дамыту институтының, «Кипр» талдамалық тобының, «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдинг орталығының өкілдері шақырылған.

 

Қосымша ақпарат үшін: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бізге пресс-релиз жіберу үшін: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper