22.07.2018 18:08

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» форум өтеді

Жұма, 12 Қаңтар 2018 18:06

2018 жылы 15 қаңтарда сағ. 10.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына арналған ІІ республикалық форум өтеді.

Форумда «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жылдарға арналған жоспарлары талқыланатын болады.

Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлердің мәдениет, туризм басқармаларының басшылары, республикалық, облыстық музейлер мен музей-қорықтардың директорлары, белгілі ғалымдар және т.б.  қатысады.

Сонымен қатар, Республикалық форум аясында «Рухани жаңғыру» атты көрме залы тұңғыш рет есігін айқара ашады. Көрмеде тарихи- құнды жәдігерлер келушілер назарына ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сақтар қазынасы» атты ерекше қойманың ашылу салтанаты өтеді. Ерекше қойманы тамашалап келушілердің назарына бірінші рет сақ, сармат дәуіріне жататын жәдігерлердің түпнұсқалары ұсынылады.

Қосымша ақпарат үшін: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бізге пресс-релиз жіберу үшін: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper