15.11.2018 19:27



«Waqyp» қоры мүгедектер арбасын үлестіреді

Бейсенбі, 11 Қазан 2018 15:18

«WAQYP» корпоративтік қайырымдылық қоры 16-18 қазан аралығында мүгедектер арбасының жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында, LDS Charities халықаралық қайырымдылық ұйымымен бірлесіп «мүгедектер арбасын жинау және үлестіру» жобасын жүзеге асыруға бағытталған тренинг өткізеді.

Шараға «ДОС» Тәуелсіз өмір» Орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігінің 19 мүшесі және біліктілігін артыру үшін 12 қызметкері мен 6 техникалық маманы қатысады.

Ал 18 қазан күні Бірлестік ұсынған тізіммен Қазақстан облыстары бойынша мүгедектер арбасы үлестірілетін болады.

Айта кетерлігі, еліміздегі мүгедектерге гуманитарлық көмек көрсету аясында LDS Charities халықаралық қайырымдылық ұйымы «WAQYP» қайырымдылық қорына 303 балалар мен ересектерге арналған мүгедектер арбасын берді.

 

Өтетін орны: Астана қаласы, «Барыс Арена» мұз сарайы

Күні: 16-18 қазан

Басталу уақыты: 9:00

Қосымша ақпарат үшін: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бізге пресс-релиз жіберу үшін: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper