26.09.2018 02:53

356.54
419.43
51.86
5.17
5.42
58.13


«World scholar’s cup astana round» сайысы өтеді

Бейсенбі, 29 Наурыз 2018 00:40

Астанада «Spectrum» халықаралық мектебі 30-31 наурыз аралығында «World scholar’s cup astana round» атты жасөспірімдер арасындағы халықаралық пәнаралық білім сайысын өткізеді.    

«WORLD SCHOLAR’S CUP» сайысының мақсаты – жасөспірімдердің өз қабілеттерін түсінуіне жол ашу, бойындағы дарынын іс жүзінде қолдану арқылы білім мазмұнын жаңарту, жалпы білім деңгейін, ой-өрісін және зияткерлік деңгейін арттыру.

Жарысқа қазақстандық оқушылармен қатар, көрші Қырғызстан елінен жалпы саны 500-ден астам мектеп оқушылары қатыспақ.      

Екі күнде оқушылар дебат, эссе жазу, тестілеу және викториналық сұрақтарға жауап беру сияқты жарыс түрлеріне қатысып, бақтарын сынайды.      

 

АҚПАРАТ

Өтетін орны:

30-наурыз -  «Spectrum» халықаралық мектебі» мекемесі.

31-наурыз - ҚазМедиа орталығы.

Мекен-жайы:

Астана қаласы, Қ.Аманжолов көшесі, 34-үй, С блок.

Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 4-үй, Киноконцерттік зал.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper