19.11.2018 06:50

367.06
416.17
52.84
5.27
5.56
68.88


X Factor вокалдық шоуы басталады

Дүйсенбі, 26 Наурыз 2018 10:22

27 наурыз сағат 12.00-де  Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 мекен-жайы бойынша  Қазақстандағы ең ірі телевизиялық X Factor вокалдық шоуының жетінші маусымына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Дүниежүзіне танымал X Factor музыкалық байқауы осымен жетінші рет өнерлі қазақстандықтарға өздерін бүкіл елге танытып, үлкен сахналардан өнер көрсетуге жол ашып келеді.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтау үшін ауқымды телевизиялық жобаның кәсіби қазылар алқасы Қазақстан қалаларын аралап, ең өнерлі вокалистерді іріктеп алады.

Аудитория алдындағы тартымдылығын сақтау үшін жыл сайын Х фактор жобасы британдық форматқа сүйене отырып, көрерменге жаңашылдықтарын ұсынады. Жаңа ережелер, жүлде қоры, кастингтер өтетін қалалар, сонымен қатар қатысушыларды іріктеудегі өзгерген жас ерекшеліктері туралы баспасөз конференциясының спикерлері айтып береді.

Спикерлер:

Нағима Есқалиева – Қазақстан Республикасының халық әртісі, кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі.

Нұрберген Махамбетов – радиожүргізуші, диджей.

Ділнәз Ахмадиева – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші.

Сергей Киселев – Еуразия бірінші арнасының бас директоры.

 

 

 

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper