15.11.2018 18:32



Facebook

Сейсенбі, 14 Қараша 2017 11:32

Сонымен, 56 миллион теңге не үшін?

Кеше түнде мына қабылданғалы жатқан инвалид латын алфавитіне наразылық акциясын өткіздім. Осы латынға конвертация жасайтын порталға бөлінетін 56 млн не үшін екенін бағалауға әрекет жасадым. Эксперимент жасадым. Кішігірім сервис жазып performance тест жүргіздім. Барлық техникалық мәліметтер, тесттің барысы кодеода, код гитхабда. Ал мына жерде нәтижесі мен өкпемді жазып кетемін :).

Эксперимент бойынша серверлерге барлығы шамамен 7,5 млн шығын кетеді екен, бір жылға (егер ақшаны оңды солды шашсақ). Ал егер адамдардың еңбегін бағаласақ. Бұл порталды жасауға 1 дизайнер, 1 верстальщик, 2 бэкенд бағдарламалаушы, 2 фронтендер, 1 менеджер, 1 системный администратор жұмылдырылды дейік. Барлығы 8 адам. Айлықтары 300 мыңнан болсын, бір жылға 28 млн теңге. Қосамыз 35,5 млн теңге. Демек, браузерлерге қосымша мен телефондарға шамамен тағы 21 млн теңге керек болып тұрғаны ғой? Мейлі, қымбат жерден офис арендаға алайық, балқып шалқып өмір сүрейік, сонда баға 56 млн болып қалар. Бірақ, бұл сома 80 млн болуы мүмкін екендігін де ескеріп қояйық ;)

Бұл егер біз бұрын соңды жоқ команданы жинайтын болсақ, егер беделді компанияға берсек оларда команда дайын, шығын бұдан да арзан болуы керек емес пе? Парадокс?

Мұнда да мен ақшаны оңды солды шаштым, мысалы, сол қосымшалар мен телефондағы бағдарламаны осы жақын бір-екі жылда кім пайдаланады? Жаңа латыншада оқып бастаған балалар пайдалануы мүмкін, олар өсем дегенше 10 жыл емес пе? Үйреніп қалғандар бірден латынша жазып, конвертациялап кетеді дегенге сенбеймін. Яғни, айналып келгенде серверге айтылған бір мезеттегі 100 мың запрос болуы үшін кем дегенде 5-6 жыл өтуі керек шығар. Сонымен, бір жылға 56 млн өте көп, жай ғана ақшаны шашу.

Түсінем, сапалы дүние жасау үшін қомақты қаржы керек. Бірақ осындай әлі халық қабылдағысы келмей тұрған дүниеге осынша ақша бөлу деген сорақылық шығар. Мұнда тағы бір мәселе бар. Бұл әлеуметтік жоба ғой немесе жалпыхалықтық дейін бе. Егер шын қажеттілігі болса уақыт өте келе бағдарламалар өздері ақ жазылып, халық өзіне керек нәрсеге сұраныс тудырып, аса бір қаржысыз да жобалар іске қосылар ма еді. Демек, мемлекет өз халқына өзі сенбей отыр, өз ісіне де. Одан да, үш төрт адамнан тұратын команда жинап, конвертациялау спецификациясын жасасақ жетіп жатыр емес пе? Қалғанын керек сайттар өздері ақ істеп алады, энтузиазммен CMS-терге қосымша жазатындар, телефонға бағдарлама жазатындар өздері ақ шығады. Ең құрығанда 2 млн теңге сыйақы деп конкурс берсе де жетіп жатыр. Қысқасы, ақшаны экономдау емес оны барынша шашу жан жағынан қарастырылып ақ жатқандай.

Тағы бір ашуды келтіретін нәрсе, латынды енгізгісі келетіндер IT саласының тонын жамылғанды қоя салсыншы. UTF-8, UTF-16 дәуірі өткен ғасырда ақ басталып кеткен, енгізе алмай жатсақ өзіміздің кінәміз, бағдарламалаушылар үшін латын бола ма басқа бола ма пайдасы шамалы, бәрібір басым көпшілік материал ағылшынша.

Мойындайын, егер дұрыс латынша қабылданып, қаржы сол латыншаны енгізуге (тек портал мортал емес), дамытуға жұмсалатын болады десе, кірпік те қақпас едім.

#56млннеүшін #latin

 

<CODEO/> сайтындағы тесттің нәтижесі мына жерде.

 

Раймбек Егембердиев

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper