23.05.2018 20:39

326
382.2
51.05
4.78
5.29
67.45


"Дарын" сыйлығына өтінім беру беру басталды

Бейсенбі, 20 Шілде 2017 17:42

QAINAR.KZ — Қазақстандық жастардың ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметтегі жемісті еңбегі үшін берілетін «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды.

Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

Құрметті достар, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алу үшін байқау жарияланғанын хабарлаймын.

Биылғы жылдан бастап «Дарын» жастар сыйлығы жыл сайын беріледі. Бұған дейін сыйлық екі жылда бір рет тағайындалған еді. Жастар сыйлығы ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметтегі жемісті еңбегі үшін талантты жастарға беріледі. Номинациялар қатарына ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет енеді.

Сыйлық алу мәртебесіне ие болған азаматтарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық табыс етiледi. Аталған сыйлықты тапсырудағы басты мақсат – талантты жастарды анықтау және оларға барыншы қолдау көрсету.

Бұл орайда, еліміздегі 29 жасқа дейінгі барша жас дарындарды конкурсқа қатысуға және өздерінің шығармашылық жетістіктерін көрсетуге шақырамын.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай өткізіледі. Үміткерлердің құжаттары 2017 жылдың 19 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінде қабылданады.

#Дарын2017 #Daryn2017

Айта кетерлігі, "Дарын" мемлекеттік сыйлығы - Қазақстан Республикасының Үкіметінің дарынды жастарға берілетін мемлекеттік сыйлығы. Ол 1992 жылы бастап жасы 35-тен аспаған, қоғамдық-әлеуметтік, мәдени қызметтерімен халыққа танылған, дарынды жастарға беріліп келеді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper