19.07.2018 11:58

344.58
400.51
51.3
5.06
5.47
72.15


Астанада 730 жаңа автобус пайдалануға беріледі

Сәрсенбі, 12 Шілде 2017 07:52

Астанада маусым айының соңына дейін 600 жаңа автобус пайдалануға берілетін болады.

Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

Астанада маусым айының соңына дейін 600 жаңа автобус пайдалануға берілетін болады. Қазіргі таңда автобустар паркінде 1000-нан аса автобус бар. Алайда олардың 700-дейінде кондиционер жоқ. Сол себепті шілде айында жағдай түбегейлі өзгереді. 730 жаңа автобус халыққа қызмет етуге беріледі. Қазіргі таңда автопарктердің қызметі жіті қадағаланып отыр. Осы аптада 9 автопаркті (оның 8-і - жеке тасымалдаушы) қатаң түрде қадағалай бастадық. Бұл мәселелер қатарына дөрекі түрде қызмет көрсету, уақыт кестесін бұзу, кондиционерлердің істемеуі сынды олқылықтар бар. Жақын арада біздің қала тұрғындары оң өзгерістерді сезінеді деп сенемін.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper