23.05.2018 20:49

326
382.2
51.05
4.78
5.29
67.45


Facebook

Сенбі, 25 Наурыз 2017 16:49

Әлемдегі ең үздік білім жүйесінің сыры

Дүниежүзінде орта білім көрсеткіштері бойынша қанша жылдан бері Финляндия бірінші орында тұр. Скандинавия еліндегі бұл жетістіктің сыры неде?

Финляндияда бала 7 жастан мектепке барады. Оған дейін балаға балабақшада немесе мектепке дейінгі даярлық бағдарламасы бойынша дайындықтан өтуге құқық беріледі. Бірақ, ол міндетті емес. 6-шы сыныпқа дейін балаға баға қойылмайды. Үйге келіп, үй тапсырмасына көміліп жатпайды. Яғни, үй тапсырмасы берілмейді.

6-шы сыныпқа дейін ешқандай емтихан да тапсырмайды. Барлық балалар білім, туа бітті қабылетіне қарамастан бірге оқиды. Сыныптағы бала саны 16-дан аспайды. Бұл мұғалімнің әр балаға назар аударып, әр балаға сабақ үйретуге мүмкіндік береді.

Негізгі мектепте үзіліске 75 минут беріледі. Мұғалімдер кабинетте күнде 4 сағат уақытын өткізеді. Аптасына 2 сағат уақытты өзінің кәсіби өсуіне арнайды. Финляндияда мұғалімге деген құрмет ерекше.

Біздегідей үй жағалап, жолдағы қоқысты тазалап, не сайлау науқанында табан тоздырып жүрген мұғалім жоқ мұнда. Бірақ, мұғалімнен талап зор. Мұғалімдікке тек магистрлік дәрежесі бар мамандар қабылданады.

Мектеп мұғалімі атану үшін өзінің курсындағы үздіктердің 10 пайызына ілігу керек. Егер ЖОО-ның (Жоғарғы оқу орнын - Qainar.kz) одан нашар оқысаң мұғалім бола алмайсын.

Бұл елде 660 мұғалімнің орнына 6600 үміткерден келеді. Финляндиядағы мектеп мұғалімі жылына 25 000 еуро жалақы алады. Қазіргі курспен есептегенде 8 млн 300 теңге.

Ал біздегі мұғалімнің қазіргі орташа жылдық жалақысы шамамен 1 млн 500 мың теңге. 7 есе аз. Фин мұғалімдері қазақ мұғалімдері тәрізді бор сатып алмайды. Мектептегі іс-шараларға қаражат жинамайды. Көрнекіліктер жасау үшін қаражат құртпайды. 8 млн 300 теңге таза өз қалтасында қалады.

Ал қазақ мұғалімдерінің 1 млн 500 мың теңгесінің 50 пайызы білім беру мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға кетеді. Осыдан кейін мұғалімдерден қандай нәтиже күтеміз?!

ПыСы. Сауатсыз минстрлердің арқасында бәріміз орта білімнің сарапшысы болып кетпесек игі еді)))

 

Азамат Кеңесұлы

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper