20.08.2019 07:39

386.8
429.27
54.89
5.55
5.78
69.2


Facebook

Сәрсенбі, 13 Наурыз 2019 14:08

Көпбалалы ана Дина Бекжанова не істеді?

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов xалық алдында есепті кездесуінен кейін бірнеше күн бойы тұрғындарды жеке қабылдады. Сонда әкімнің жеке қабылдауына келген азаматтардың дені елордамызда жұмыспен қамту орталығының бар екенін, онда тегін курстарда оқытып, көмек ретінде қолыңа 250 мыңдай қаражат беретінін білмейтін болып шықты.

Бүгінгі мақала тегін курстан қалай өтуге болатынын, қай жерде жұмыс ұсынып, ұнаған мамандыты қалай игеру керектігін барынша айтуға тырыстық.

Бізге тігін мәшінесінің арғы жағынан күлімсіреп қарап отырған сұлу келіншектің есімі – Дина.

Дина - елордамыздағы көпбалалы аналардың бірі. Отбасы, ошаққасы деп біраз жылдар бойы бала өсіріп, жұмысты шетке алған. Бірақ кенжелері өскен соң, отырғаным болмас деп, жұмыс іздеп шығады.

Абырой болғанда таныстары табанын тоздырмай, Астана қаласындағы«Халықты жұмыспен қамту» орталығына баруға кеңес береді.

Ол жерде мамандар бірден орталықтағы бар бос жұмыс орындарын ұсынады. Бірақ Дина ханым оның ішінен өзіне ұнаған мамандықтың жоқ екенін айтады. Сонда кеңесшілер Динаға жаңа мамандықты оқытатын «Еңбек» бағдарламасына қатысуын сұрайды.

Бұл бағдарлама аясында азаматтар 3 ай бойы қалаға қажетті, сұранысқа ие мамандықтарды тегін оқытып, оны сәтті аяқтағанда қолдарына 250 мың көлемінде қаражат (мемлекеттік грант) беріледі. Одан басқа, 3 ай бойы курсқа қатысушыларға 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.

Бұл ұсыныс Дина ханымның ойынан шығады. Дина Бекжанованың негізгі мамандығы мұғалім болғанымен бала күннен тігін ісіне қызығатынын айтып тігінші болуды қалайтынын айтты. Оның сөзінше оқу Астана қаласындағы фабрикалардың бірінде өткен. Ол 3 ай бойы күнде тегін курсқа қатысып, тігінші деген сертификатқа қол жеткізеді.

Бұл Дина Бекжанованың қолынан шыққан "Қыз жасаулары"

Мемлекеттік грант (250 мың теңге) алу үшін азамттар қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтуі және міндетті түрде салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет. Одан кейін, бизнесс-жоспарын жасап, халықты жұмыспен қамту орталығына құжаттарын өткізеді. Сол құжаттар негізінде арнайы құрылған комиссия мемлекеттік грант тағайындайды.

Осылайша, Дина Бегжанова 250 мың теңгеге кәсіпке қажетті құралдар сатып алып, ұлттық нақыштағы көрпе-жастық тігумен айналысатын жеке кәсібін ашты. Болашақта кәсібін кеңейтіп, тігін ательесін ашқысы келеді. Өзге қыздарды да тігін ісіне үйретсем дейді.

Тәуекелге барып, бізге сенім артқан тұрғынымызға біз де үлкен сенім артып отырмыз. Жұмысына сәттілік тілейміз!

Бұл Батыр Ана, бизнесвумен Дина Бекжанованың инстаграм парақшасы.

2018 жылдың нәтижесі бойынша кәсіптік оқуды 733 адам оқып, 77 азамат мемлекеттік грант ұтып алған. Кәсіптік білім аламын дейтін кез-келген азамат жұмыссыз ретінде тіркеуде болуы қажет. Оған жеке куәлік, еңбек кітапшасы және де білімін растайтын құжаттар қажет. Кәсіптік оқытуға қатысамын дейтін азаматтар Астана қаласы, Бейбітшілік, 25 мекен-жайына келіп немесе 87172 9544 16, 578978 байланыс нөміріне хабарласуына болады.

 

 

Эльвира Жүргенбаева

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper