22.07.2018 22:01

346.68
404.02
51.15
5.1
5.47
72.23


Тематикалық домендер дәуірі келе жатыр

Сәрсенбі, 04 Сәуір 2018 11:36

.KZ доменін тіркеу ережелеріне өзгеріс енді. Енді домен алушы өзі туралы толық ақпарат береді және оның тексерілуі 3 күнге дейін созылуы мүмкін.

Біраз қолданушыны шайлықтыруы мүмкін бұл. Және болашақта латын әліпбиіне өткен кезде qz болмай, ел домені kz болып қала беруі мүмкін.

Бірақ бұл соншама катастрофалық жағдай ма? Әлбетте жоқ! Мемлекеттік домен аймақтарынан бөлек түрлі тақырыптық домендер өте көп.

Мысалы: .bar .cafe .city .futbol .kim .love .media .name .online .pro .site .sexy .team .tech .today .top .travel .video .vip.

Ал .fm .tv .bank .live сияқты домендерді қолданып жүргендерді көрген шығарсыздар? Бұндай домендер бір жағынан престиж үшін маңызды, екіншіден домен атын қысқартады. Қараңыз: fortebank.kz - forte.bank, ordafm.kz - orda.fm.

Бір досым жарықтандыру құралдарын сатады. Ол сайтын .lighting доменімен ашпақшы. Ол мұндай домендердің маңызын бірден түсінді. Бизнес сайттар үшін керемет шешім негізі. Сондықтан менің ойымша бизнес саласы өз тақырыптарына сай домендік аймақтарға көше бастайды, бір жағынан тек бір елмен шектелмей, әлемге ашылуларына да жақсы. Ақпараттық сайттар классикалық .com .net .org-тарды таңдауы мүмкін.

 

Аршат Ораз

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper