23.02.2018 04:12

319.68
392.95
50.26
4.7
5.63
84.09


Қарағанды облысында «А» вирусты гепатитіне қарсы вакцинация өткізілуде

Бейсенбі, 08 Ақпан 2018 11:41

А вирусты гепатитінің негізгі бөлігі облыс орталығы Қарағанды қаласында тіркелген. Қазіргі уақытта, науқастармен байланыста болған 1790 адамның 866-сы егумен қамтылып, Денсаулық сақтау басқармасымен АВГ қарсы қосымша түрде 7000 дозалы вакцина алынды.

Қарағанды облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, облыста 2018 жылғы 7 ақпанға сәйкес А вирусты гепатитінің зертханалық жолмен расталған 69 оқиғасы тіркелген.

Облыс көлемінде кеңінен таралған А вирусты гепатиті жыл сайын тіркеуге алынады, ал ағымдағы жылы гепатиттің тіркелуі 2018 жылғы 3 қаңтардан басталды.

Вирус адамнан адамға тығыз байланыста болғанда, тамақты дайындау барысында жұқпа енгізілген немесе тиісті түрде өңделмеген тамақпен немесе сумен беріледі. Көбінесе А вирусты гепатиті «инкубациялық кезеңдегі» науқастардан жұғады.

А вирусты гепатитінің ерекшелігі ол қоршаған ортаға тұрақты: бөлме температурасында бірнеше апта немесе айға жуық, ал 4°C-та бірнеше ай сақталады.

Қарағанды облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің вирусты гепатит ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ақпараттық хабарламасында, «Қарағанды облысында 2018 жылғы 7 ақпанға сәйкес А вирусты гепатитінің зертханалық жолмен расталған 69 оқиғасы тіркелді, аурудың басты таралу жолы - лас қол арқылы берілген тұрмыстық-қатынастық жол. Сонымен бірге, жуылмаған немесе сапасыз жуылған көкөністер мен жемістерді тамаққа тұтыну арқылы таралуын да жоққа шығаруға болмайды. Аталған ауруға негізінен алғанда оқушылар мен жас адамдар шалдыққан. Аурудың негізгі бөлігі облыстық орталық – Қарағанды қаласында тіркеліп отыр. Вирусты гепатиттің тіркелуі Шығыс Қазақстан облысымен байланысты емес» деді.

Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында және мектептерде вирусты гепатиттің одан әрі таралуын болдырмау үшін департаменттің және аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының мамандарымен келесідей эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде:

 

  • санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы Қаулылар шығарылып, мектептерде шектеу шаралары енгізілді, кабинеттік оқыту жүйесі, мәдени жаппай шараларды өткізу және т.б. тоқтатылды;
  • жалпы білім беру мектептерінде зертханалық зерттеулер жүргізу арқылы жоспардан тыс тексерулер жалғастырылуда, тексеру нәтижелері жұмыс барысында;
  • үй ошақтарында қатынастағы адамдарға медициналық бақылау жүргізілуде, АВГ күдікті адамдарды ертерек анықтау бойынша фильтр ұйымдастырылған, 4 мыңнан астам оқушылар тексерілді (16 белсенді анықталды);
  • эпидкөрсеткіштер бойынша «А» вирусты гепатитіне қарсы вакцинация өткізілді, 1790 байланыстағы адамның 866 егумен қамтылды. Денсаулық сақтау басқармасымен АВГ қарсы қосымша түрде 7000 дозалы вакцина алынды.

Халық арасында вирусты гепатиттің алдын алу бойынша Қарағанды қаласы «Шығыс» базарының әкімшілігі және қызметкерлерімен жуу және зарарсыздандыру құралдарын пайдалана отырып сауда жайларында, базар аумағында санитарлық күн өткізу туралы санитариялық-түсінік беру жұмыстары өткізілді.

 

АҚПАРАТ

А вирусты гепатитінен қорғану жолдары қандай?

А вирусты гепатитін жұқтырып алған адамда қандай белгілер болады?

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper