18.10.2018 05:36

363.26
420.11
52.45
5.25
5.54
63.96


Қарағанды облысында гепатитпен ауырғандардың саны өсіп жатыр

Сәрсенбі, 07 Ақпан 2018 10:45

informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталының хабарлауынша, қазіргі уақытта жетпіске жуық адам сары ауру дертіне шалдыққан.

2018 жылдың қаңтар айының ортасында қарағандылық мектептердің бірінде оқушылар гепатит А дертіне шалдықты. Ал айдың соңында қалада 51 адам, оның ішінде 14 оқушы вирусты гапатит А дертімен тіркеуге алынды.

Санитарлық дәрігерлер Қарағанды қаласының аурухана мен мектептерінде тексерулер жүргізіп, гепатит А дертін қоздырушылар үш сынамадан анықталған.

Ал ауырып қалғандардың барлығы әр түрлі елдімекендерден(Қарағанда, Саран, Абай және Шет аудандары) және оқушылар әртүрлі мектептерден (№58 Қарағанды, №5 Теміртау, №26 Шахтинск) тіркелген.

Кейінінен анықталғандай, 58 мектептің оқушылары сары ауруды қолдан жасалған компоттан жұқтырған. Бұл жөнінде ҚР мемлекеттік бас санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. «Астана» телеарнасының ақпараты бойынша, жаңа жыл қарсаңында мектепте ұйымдастырылған би кешіне жетінші сыныптың оқушыларының бірі үйде дайындалған сусын алып келіп, компотты сыныптастарына да ішуге берген.

Бұл оқиғадан кейін, Теміртау қаласындағы мектептердің бірінде асхана қызметкерлері балаларға қайнатылған су ішуге арналған стақан беруден бас тартқан.

Асхана басшысы Людмила Горнова қызметкерлерінің бұлай істегені туралы:

- Біз таза және лас ыдыс жағынан алғанда сумен қамтамасыз ету режимін қадағалай алмаймыз. Сесебі, балалар бір-бірінің ыдысын қолданып, сәйкесінше, біреуі дертке шалдыққан болса, сол стақанмен су ішкен келесі балаға жұқтыруы мүмкін, - деп түсіндірді.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары, мектеп әкімшілігі мұндай жағдайлар орын алғанда қолданылатын іс-шаралар туралы асхананы жалға алушылармен жазбаша түрде келісулері керек екенін айтады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта дәрігерлер вирустық дерт жүріп жатқан кезде атааналарға балаларына ерекше сақ болу керектігін ескертіп, асханадан қайнатылған су ішуге жеке ыдыс беріп жіберулері керектігін айтады.

Былтырғы жылдың қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысында да 31 адам ауырып, Шолпан ауылы сары аурудың ошағына айналған болатын. Арнайы құрылған комиссияның анықтағанындай,  вирусты гепатитті ауылға 2017 жылдың тамыз айында Семей қаласынан көшіп келген азаматша жұқтырған.

- Шығыс Қазақстан облысының Шолпан ауылында жұқпалы дерттен адам көз жұмған мәселеге қатысты С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалардың инфекциялық аурулары кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты М.Головенконың тұжырымдамасы бойынша, ол вирусты гепатитті асқындырып жібергендіктен қайтыс болған. Алайда, гепатиттің этиологиялық себебі ашылмады, бірақ патологоанатомиялық зерттеудің нәтижесін ескересек, аурудың өту кезеңі вирусты гепатит А-ға ұқсас емес, бұл вирусты гепатит Е де болуы мүмкін, - деді Бекшин.

Облыстық санитарлардың айтуынша, қазіргі уақытта қауіпті вируспен күресу үшін 2 мың вакцина сатып алынған, жақын күндері тағы да 60 мыңы сатып алынады. Егу науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған барлық 3 мектептің оқушыларына салынап жатыр.

- Біз барлық 3 мектептің ата-аналарымен жиналыс өткізіп, бұл вируспен күресудің жолдарын айттық. Бұл кір қолдың ауру деп аталады. Сондықтан, күнделікті гигиеналық тазалықты сақтау маңызды, - деді Теміртау қаласының білім бөлімінің жетекшісі Есентай Әшім.

Облыста карантин жарияланады ма, жоқ па әлі белгісіз. Алайда санитар-дәрігерлер қол мен жейтін көкөніс, жеміс-жидектерді жуп, қайнатылмаған суды ішпеуге кеңес береді. Вирус қи салу арқылы өсірілетін көкөністердің тамырында болады деген қауіп бар.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта көп адамдар өздерінің вирусты жұқтырып алғанын білмейді. Бауыры ауырып, бір реттік лоқсу, температурасы көтеріліп қояды. Одан өзге ешқандай белгісі болмайды. Ол адам өзінің ауратынын білмейді де. Бірақ ол өзімен қарым-қатынаста болған өзгелерге ауруды белсенді таратушы болады дейді.

Вирусты гепатит деген бауырды зақымдайтын ауру. Ол жазылады, бірақ ұзақ салдары ұзақ уақыта қалады.

Қазіргі уақытта бұл ауру АҚШ, Еуропа, Қырғызстан, Украина және Ресейде де тарап жатыр.

 

АҚПАРАТ

«Qainar.kz» ақпараттық порталы қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен вирусты гепатит А дертіне қатысты жолданған сауалды күтуде.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper