15.12.2018 11:12

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


Алтын-валюта қорының көлемі 30,7 миллиард АҚШ долларына жетті

Дүйсенбі, 05 Ақпан 2018 11:19

2017 жылы инфляция деңгейі 7,1 пайызды құрап, жыл соңында алтын-валюта қорының көлемі 30,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Елбасына 2017 жылы атқарған жұмысының қорытындысы жөніндегі есебі барысында хабарлады.

Қаңтар айында ахуал одан да жақсара түскенін айтқан банк төрағасы:

- Банк резервтері тағы 3 пайызға өсіп, 31,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 58,3 миллиард АҚШ долларын құрады. 2018 жылғы қаңтарда инфляция деңгейі 0,6 пайыз болды. Бұл біздің биылға белгілеген – бестен жеті пайызға дейінгі аралықтағы жаңа өлшемімізге еніп отыр, – деді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper