23.02.2018 04:25

319.68
392.95
50.26
4.7
5.63
84.09


«Нұр Отан» төрағасының жаңа бірінші орынбасары таныстырылды

Бейсенбі, 01 Ақпан 2018 18:06

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің Бюро отырысында Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, партия Төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

АҚПАРАТ

Мәулен Әшімбаев 1971 жылдың 28 қаңтарында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген (1993), экономист, политэкономия оқытушысы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін, экономист мамандығы бойынша бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты.

Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі.

1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.

1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.

1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.

2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2012 жылғы ақпан - 2016 жылғы қаңтар аралығында - V сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы

2016 жылғы 25 наурыздан бастап VІ сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқаруда

«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

2003 жылы Джонс – Хопкинс университетінің Халықаралық зерттеулер мектебінде (АҚШ) ғылыми стажировкадан өтті

2016 жылы Тафтс университетінің (Tufts University) жанындағы Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (The Fletcher School of Law and Diplomacy) бітіріп, халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған. 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper