18.10.2018 05:04

363.26
420.11
52.45
5.25
5.54
63.96


Мәжілісте коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелеріне арналған Заң жобасы мақұлданды

Сәрсенбі, 31 Қаңтар 2018 17:25

Заң жобасы нормаларын әзірлеу барысында ең озық тәжірибелер есепке алынып, Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Польша, Франция мен Хорватия сияқты елдердің халықаралық тәжірибесі зерделенген.

Бұл жөнінде Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен отырыста депутаттар коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша түзетулерге арналған Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Отырыс барысында Мәжіліс Спикері ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдар мен ірі қалалардағы ұйымдар деңгейінің айырмашылығы бар екеніне баса назар аударып, арнайы конкурстарда ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың грантты да, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты да жеңіп алуы қиын екеніне алға тарта келіп:

Шынында да   әлеуметтік стандарттар дайындалған кезде міндетті түрде  ауылдың жағдайын ескеру керек. Себебі, ауылдың да, қаланың да өз ерекшелігі бар. Сондықтан, стандарттарды енгізгенде осы ерекшеліктерге қарай тиісті жағдай жасау қажет, - деді Нұрлан Нығматулин. 

 

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, біріншіден, заң жобасында мақсатты топтардың қажеттіліктеріне талдау жасау, зерделеу және үкіметтік емес ұйымдар ұсыныстары негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру процесінің бірыңғай тәсілдері белгіленген.

 

Екіншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды енгізу жоспарлануда, ол халыққа көрсетілген қызмет сапасына қанағаттану деңгейі мен жоба тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Үшіншіден, үкіметтік емес ұйымдар көрсететін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың сапасына, шарттарына, мазмұнына бірыңғай талаптар немесе стандарттар, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды бағалау критерийлерін енгізу ұсынылады.

 

Төртіншіден, сыйлықақыларды және гранттарды беру механизмі жақсарып келеді.

 

Бесіншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттарды ұсыну және сыйлықақыларды беру бағыттары нақтыланады.

 

Заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар қосымша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және 3 заңға – «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулер енгізді.

 

АҚПАРАТ

Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелеріне арналған Заң жобасының мақсаты – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper