13.11.2019 08:42

388.81
429.01
55.49
5.57
6.08
67.45


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бірқатар маңызды кездесулер өткізді

Бейсенбі, 04 Шілде 2019 13:05

Олардың қатарында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті, «Anadolu Group», Shell, «Марубени», «Polymetal» сынды тағы да басқа шетелдік компаниялардың басшылары бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі таңда Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан экономикасына инвестиция салып отырған ірі қаржы институттарының бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы банктің біздің елдегі көп жылғы жұмысына жоғары баға берді.

– Сіздердің Қазақстандағы жұмыстарыңыздың басталған кезін жақсы білемін және Сіздің алдыңыздағы басшылармен де таныспын. Банк біздің елімізде табысты жобалар жүзеге асырды. Бұл мақтауға тұрарлық жұмыс деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Сума Чакрабарти Қазақстанның ЕҚДБ әріптестерінің ішіндегі ірі бестікке кіретінін айтып, жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына үміт білдірді.  

 

Мемлекет басшысына трансұлттық компанияның энергетика және мұнай-химия салаларындағы жобаларды жүзеге асыруы жөнінде мәлімет берілді.

– Shell кәсіпорны Қашаған, Карашығанақ, Каспий құбыр желісі консорциумы сияқты ірі жобаларға белсенді қатысуда. Сіздің Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысқаныңызға қуаныштымын. Бұл біздің ынтымақтастығымызға оң ықпал етеді, – деді Қазақстан Президенті.

Компания басшысы бірлескен жобаларды одан әрі жемісті іске асыруға сенім білдірді.

– Біз Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті жалғастыруды және міндеттемелеріміздің бәрін орындауды көздейміз. Алдағы уақытта еліңіздегі бірлескен жобалардың өндіру көрсеткіштерін арттыруды жоспарлап отырмыз, – деді Бен ван Берден.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев «Anadolu Group» компаниясының тобы әлемде, соның ішінде Қазақстанда танымал екенін және түрлі салада табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы компанияның ел экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалады.

Тунджай Озильхан Қазақстан Президентіне кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, компанияның бизнестің жаңа салаларын игеруге мүдделі екенін айтты.

Қазақстан Президенті мен компания басшысы адам капиталын, «қарапайым заттар» экономикасын дамыту, отандық тауарлардың экспорттық әлеуетін арттыру және Қазақстанның инвестициялық климатын одан әрі жақсарту мәселелері бойынша пікір алмасты. 

 

Мемлекет басшысы жапондық сауда компаниясының табысты қызмет атқарып жатқанын атап өтіп, Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысатынына ризашылығын білдірді. 

– Біздің Жапониямен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі ынтымақтастығымызға биыл 25 жыл толды. Біз осы аралықта қарым-қатынастарды жан-жақты кеңейтіп әрі нығайта алдық. Соның ішінде, екіжақты тиімді сауда-экономикалық байланысымыз артты. «Марубени» компаниясы Қазақстан нарығында 1993 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шигеру Ямазоэ Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастардың негізін салған ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыратынына сенім білдірді.

– Біз 30 жылға жуық Қазақстан нарығында жұмыс істеп келеміз. Осы аралықта біз инфрақұрылым, энергетика, көлік салаларына араласып, Нұр-Сұлтан қаласының әуежай құрылысына да қатыстық. Сонымен қатар, біз 2007 жылдан бері екі ел достығының символы іспеттес – «Хорасан» жобасына да қатысып келеміз, – деді Шигеру Ямазоэ.

 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық компаниямен жемісті ынтымақтастығын атап өтті.

– Қашаған бойынша және басқа да энергетикалық жобалар бойынша табысты ынтымақтастық орнаттық. Жалпы, бәрі жақсы жүріп жатыр деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Арно Брейяк Мемлекет басшысына кездескені үшін алғыс айтып, «Тоталь» мен Қазақстан арасындағы, соның ішінде Қашаған кен орнын игеру консорциумы аясындағы жемісті ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.

– Мен аталған жоба бойынша көп жылдан бері жұмыс істеп келемін. Біз қазір Қашағандағы өндіру деңгейінің жоғары екеніне өте қуаныштымыз. Дегенмен, өндіруді арттыру үшін әлеуетіміз жеткілікті. Жобаның қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеуіне өз үлесімізді қосуға дайынбыз, – деді компания басшысы. 

 

Мемлекет басшысына «Polymetal» кәсіпорнының Қазақстан мен Ресей нарығында жүзеге асырылып жатқан ірі жобалары туралы мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті «Polymetal» кәсіпорнының «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына енуімен құттықтап, компанияның біздің елдегі жұмысына тоқталды.

– «Polymetal» «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналасқан алғашқы шетелдік компания атануымен құттықтаймын және ризашылығымды білдіремін. Сіздер Шығыс Қазақстан облысындағы Бақыршық кен орнында «Қызыл» жобасын табысты аяқтадыңыздар. Қостанай облысындағы алтын кен орнында да жобалар жүзеге асыр ып жатырсыздар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Игорь Финогенов «Астана» ХҚО шетелдік компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеуіне үлкен инвестициялық мүмкіндіктер жасап отырғанын атап өтті.  

– «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына енуімізді үлкен жетістік деп санаймыз. Өйткені, бұл Қазақстанда қаржылық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған алғашқы қадамымыз. Біз  геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция салуға мүдделіміз, ал биржа бұл үшін жақсы мүмкіндік, – деді Игорь Финогенов.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың алдағы уақытта да арта беретініне сенім білдірді.

 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканың түрлі саласындағы, соның ішінде машина жасау және энергетика секторларындағы бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысқаны үшін Лоренцо Симонеллиге ризашылық білдіріп, оның компаниясының Қазақстанда жақсы жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

– Түрлі саладағы табысты іс-қимылдар бойынша мол тәжірибеміз бар. Біздің жемісті ынтымақтастығымыз жалғаса береді деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Лоренцо Симонелли компанияның Қазақстанда жаңа жобаларды белсенді жүзеге асырып жатқанын айтты.

– Екінші үйімдей болып кеткен Қазақстанға қайта оралу мен үшін зор қуаныш. Біз өз жұмысымызда жаңа салаларды ашып жатырмыз. Қазақстан біздің компанияның әлеуетін тұтас ел аумағындағы инфрақұрылымды дамыту үшін сәтті пайдаланудың жарқын үлгісін көрсетеді деп ойлаймын, – деді бизнесмен.

Қазақстан Президенті мен компания басшысы келешек ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper