24.04.2019 09:05

377.33
424.68
56.17
5.42
5.92
64.7


Астана Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгертілді

Сенбі, 23 Наурыз 2019 09:41

23 наурыздан бастап Астана қаласы Елбасының Жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгертілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Ақорда, 2019 жылғы 23 наурыз № 6

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper