24.04.2019 08:06

377.33
424.68
56.17
5.42
5.92
64.7


2019 жылы 13 млн м² жаңа тұрғын үй салынады

Сәрсенбі, 06 Ақпан 2019 15:14

Бұл жөнінде ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.

Министрдің айтуынша, «7–20–25» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру мақсатында инженерлік коммуникациялар құрылысына 100 млрд теңгеге дейін қаржыландыру ұлғайтылды. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін жыл сайын кемінде 1 мың арендалық пәтер салу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қаржыландыру тетіктері мен көздері анықталды.

«Жалпы, 2019 жылы 13 млн м² жаңа тұрғын үйлер салуды жоспарлап отырмыз. Соның арқасында 118 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Негізгі міндет – 2030 жылға дейін бір адам басына мақсатты көрсеткішті 30 м² жеткізу. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 21,5 м² құрайды», — деді министр.

Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек отандық құрылыс материалдарын қолдану мәселесі ерекше бақылауға алынғанын атап өтті.

«Егер бүгінде тұрғын үй құрылысында шамамен 86% қазақстандық өнім болса, 3 жыл ішінде бұл көрсеткішті 90%-ға дейін көтере аламыз деп есептейміз. Бұл құрылыс материалдары өндірісін ынталандырады және жалпы құрылыс саласына қосымша серпін береді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыстағы қазақстандық қамту үлесі 2017 жылғы деңгейден 5%-ға артып, 77% құрады, оның ішінде тұрғын үй құрылысында – 86%», — деді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper