15.12.2018 11:04

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


Латын графикасы негізінде «Жалпыхалықтық диктант» басталды

Сәрсенбі, 14 Қараша 2018 10:48

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен республика бойынша латын графикасы негізінде «Жалпыхалықтық диктант» басталды.

Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру. 

Диктантқа 15 жастан жоғары барлық азаматтар қатыса алады. Диктант арнайы белгіленген орындарда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және Қазақ радио арналарында тікелей эфирде мәтін аудиосын тыңдап, жазуға болады.

Диктант бір күнде, бір мезетте (бір уақытта) жазылады.  Бекітілген диктант мәтіні (80-90 сөз) аудиожазбалар арқылы таратылады. Ұзақтығы 30 минутқа созылады.

Диктантты жазып болғаннан кейін сканерлеу немесе фотоға түсіру арқылы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жолдауы қажет. Сондай-ақ диктант аяқталған соң аталған сайтта диктанттың дұрыс нұсқасы мен диктантты бағалау өлшемшарттары шығады. Әрбір пайдаланушы жұмысын дұрыс нұсқамен салыстыра отырып, өлшемшарттарға сәйкес өзін-өзі бағалай алады.

Айта кетерлігі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында диктант жазуға  Мырзатай Жолдасбеков, Майра Мұхамедқызы, Тұрар Әліпбаев, Нұрболат Арзамас, Бахтияр Адамжан, Несіпбек Айтұлы, Роза Мұқанова, Қонысбай Әбілов, Серік Ақтаев, Айбек Оралбай, Айгерим Абилкадырова, Талғат Зарубеков, Ринат Секназаров қатысуда.
Жалпыхалықтық диктантқа Астана қаласынан 50 000 адамның қатысуы жоспарланған.

 

АҚПАРАТ

Қазақ радио арналары QAINAR ақпараттық сайтынан тыңдай аласыз.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper