15.11.2018 19:27



Латын графикасындағы алғашқы басылым таныстырылды

Жұма, 02 Қараша 2018 16:00

Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы латын графикасындағы тұңғыш «Til-Qazyna» республикалық ақпараттық танымдық газетін көпшілікке таныстырды.

«Бұл баршамыз үшін жақсы үрдіс деп есептейміз. Оның қоғам кеңістігінде де алатын орны зор болмақ. Бұл газет жаңалықтың жаршысы ғана емес, латын қарпінде оқып білуге, сауатты жазуға бейімделуге, үйренуге және рухани демалуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Жиын барысында жаңа газеттің тұжырымдамасы және бүгінгі қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудегі маңызы айтылды.

Ал өз кезегінде жетекші ғалымдар өткен ғасырда латын әліпбиінде жарық көрген қазақ басылымдарының тарихына шолу жасап, латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиіне көшу кезеңдерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы баяндады.

 

АҚПАРАТ

Жаңа басылымда қазақ әліпбиін графикасына көшіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты ақпараттар, танымдық материалдар жарық көретін болады. Газет айына 2 рет жарық көреді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper