15.11.2018 18:30



Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы ҚХР елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді

Сейсенбі, 23 Қазан 2018 11:51

Кездесу барысында екі ел арасындағы өнеркәсіп, машина жасау, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ, экономиканың түрлі салалары мен жоғары технологиялар саласында бірлескен жаңа және қазіргі инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктері, ҚР мен ҚХР арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың жаңа драйверіне айналған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Бір белдеу, бір жол» стратегиясының түйіндесуі аясындағы өзара іс-қимыл тақырыптары қаралды.

 

АҚПАРАТ

Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 3 қаңтарда орнаған. 2017 жылы Қытай Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесіне айналды.

ҚР-ның басқа елдермен тауар айналымының жалпы көлемінде ҚХР үлесі 17,4% құрады (экспорт – 13,4%, импорт – 27,5%). Осы жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы $7251,2 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11,3% жоғары. Экспорт 5,9% өсіп, $3753,7 млн құрады. Импорт $3498,2 млн құрады.

Экспорттың негізгі тауарлары арасында ауыл шаруашылығы өнімі — $157 млн (экспорттағы үлесі 5%), өсім – 48,4% ($51,2 млн-ға), мыс және мыстан жасалған катодтар — $862,4 млн (экспорттағы үлесі – 23%),өсім – 27,1% ($183,7 млн-ға), табиғи газ — $635,7 млн (үлесі – 16,9%), өсім – 7 есе ($544,2 млн), ферроқорытпалар — $511 млн (үлесі – 13,6%), кен және мысты концентраттар —$491,2 млн (үлесі – 13,1%) және шикі мұнай — $414,7 млн (үлесі – 11%).

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper