15.11.2018 18:32



«WAQYP» қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға мүгедектер арбасын үлестіреді

Бейсенбі, 18 Қазан 2018 13:12

Астанада «ДОС» Тәуелсіз өмір» Орталығы LDS Charities халықаралық қайырымдылық ұйымымен бірлесіп «WAQYP» корпоративтік қайырымдылық қорының қолдауымен 16-18 қазан аралығында «Мүгедектігі бар азаматтардың өмір салтын жақсарту және мүгедектер арбасын жинау» тренингін өткізіп жатыр.

Тренингке Астана, Орал, Қызылорда, Қарағанды және Павлодар қаласының мүгедектік ұйымдарының белсенділері қатысуда.

« LDS Charities халықаралық қайырымдылық ұйымының мамандары 3 күн бойы мүгедектік арба қажет адамның өлшемдерін алатын клиницисттер мен арбаларды жинайтын, жөндейдін техниктерді дайындап жатыр. Біз бұл тренигте не үшін клинцисттерді оқытып жатырмыз деген деген сұрақ туындауы мүмкін. Оқу аяқталғаннан кейін бізге келетін мүгедектерге қандай арба керектігін дұрыс өлшеп алатын осы клиницисттер болады. Мәселен, арбаны мемлекет тарапынан немесе қайырымдылық негізде берген кезде, оны алатын адамның өлшемдеріне мән берместен үлестіре салады. Ол дұрыс емес. Себебі, кейбір 10 жасар бала арық болады, ал кейбіреуі денелі болады. Сол уақытта арба оның өлшемдеріне сәйкес келмей, еркін қозғалуына қиындық туындатады. Арбаның қолайсыз болуы, адамның қауіпсіздігіне де кедергі. Сондықтан адамның өлшемдерін алу маңызды. Арба бірінші орында өлшем бойынша дұрыс келуі керек. Ал арнайы дайындықтан өткен техниктер клинцисттердің берген өлшемдері бойынша арбаларды жинап беретін болады», - деді «WAQYP» корпоративтік қайырымдылық қорының өкілі Мадина Байматова.

LDS Charities халықаралық қайырымдылық ұйымы қазақстандықтарға қайырымдылық негізде 343 мүгедектік арба беріп отыр.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, әр арбаның құны 500 АҚШ доллары тұрады. Және бұл арбалар 3 түрлі адамға арналған. Біріншісі, стандартты. Екіншісі, жүруге ыңғайсыз жолдарға арналған арба. Ал үшіншісі, белсенді адамдарға арналған қоларба.

«Біз LDS Charities халықаралық қайырымдылық ұйымының өкілдері әлем бойынша мүгедек арбасына мұқтаж жандарды арбамен қамтамасыз етіп, ақысыз түрде тренингтер жүргізеді. Мәселен, бұл жолы қазақстандықтар үшін 350-ге жуық арба ұсынып, 12 клинцист пен 6 техникті оқытып жатырмыз. Клинцисттерді оқытудағы басты мақсатымыз әрбір адамның өзінің өлшемдеріне сай арбасы болуын қамтамасыз ету. Бұл Қазақстандағы алғашқы теренингіміз, алдағы уақытта Астанадан кейін тағы бірнеше қалаларда осындай сабақтар өткізуді жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз арбаға мұқтаж елдерге көмек көрсету. Осы жолы 3 түрлі арбаны сыйға тарттық. Бұл арбалар мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұрғылықты жеріне орай үлестіріледі. Сондықтан, бұл Қазақастандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қозғалысын жеңілдетеді деп сенеміз» , - деді тренингті өткізуші физеотеропевт Ричард Джонсон.

«LDS Charities халықаралық қайырымдылық ұйымымен жұмыс істеп жатқанымызға 2 жылдай болып қалды. Олар бізге қайырымдылық негізде 350-ге жуық арба беріп, соны мұқтаж жандарға таратып беру туралы ұсыныстарын білдірген болатын. Онымен қоса 12 клинцист пен 6 техникті халықаралық стандарттарға сәйкес оқытып, мұқтаж жанға арбаны қалай таңдау керектігін де үйретіп жатыр. Енді осы арбаларды әр адамның мұқтаждығына, өмір сүру салты мен белсенділігіне қарай теңдей бөліп беру біздің ұйымға жүктелген үлкен аманат болып отыр. Бізге қолдау көрсеткен «WAQYP» корпоративтік қайырымдылық қоры. Оқытылып жатқан клинцисттердің қатарында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, медициналық әлеуметтік сараптама мамандар да бар. Бұл курс Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына сәйкес өтіп жатыр, аяқталғаннан соң қатысушыларға ДДС ұйымының сертификаты беріледі. Бұл бізге үлкен мүмкіндік болып отыр», - деді Мүгедектер қоғамдық бірлестігі «ДОС» Тәуелсіз өмір» Орталығының атқарушы директоры Қарлығаш Тынабекова.

Оның айтуынша, бұл арбалар алдымен Қазақстан облыстары бойынша арбасы мүлдем жоқ, мұқтаж жандарға, одан кейін арбасы жарамсыз, тіпті жөндеуге келмейтін адамдарға, үшінші кезекте арбасы өзінің өлшемдері бойынша келмейтін адамдарға үлестіріледі.

«Біз 3 күн бойы мүмкіндігі шектеулі азамттарға арналған арбаларды құрастырып жатырмыз. Техник мамандарға арбаларды тек құрастырып қоймай, дұрыс өлшемдерін алып, бөлшектерін дұрыс орналастыруды үйреттік. Біз бұл мүгедектер арбасының барлығын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен Америкадан алып келдік. Мақсатымыз әлем бойынша адамдардың мобильділікке қол жеткізулеріне, кедергісіз қоғамда өмір сүрулеріне жағдай жасауға көмектесу» , - деді LDS Charities халықаралық қайырымдылық ұйымының өкілі Вильям Эйблс.

 

 

«Мен Қызылорда қаласынан келіп отырмын. Біз кәсіпкерлер палатасы мен Zhas Project бағдарламасынан грант ұтып алып, Қызылордадан «ИнваСТО» деген мүгедектер арбасын жөндейтін мекеме аштық. Елімізде мүгедектерге арналған арбаларға қызмет көрсететін орталықтар негізінен Астана, Алматы және Ақтөбеде ғана бар. Біз төртінші болып ашып жатырмыз. Бұл тренингке шетелдік мамандардың тәжірибесін үйрену үшін келдім» , - деді ІІІ топ мүгедегі Нұрсұлтан Тәжиев.

Оқу курсы толық аяқталғаннан кейін, «WAQYP» корпоративтік қайырымдылық қоры арбаларды Мүгедектер қоғамдық бірлестігі «ДОС» Тәуелсіз өмір» Орталығы ұсынған тізім бойынша Қазақстанның барлық облыстарына жеткізіп береді.

АҚПАРАТ

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының көлемінде түрлі әлеуметтік жобаларды қолдаумен айналысатын «WAQYP» корпоративтік қайырымдылық қоры 2017 жылдың шілде айында Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған.

Қордың мақсаты:

Жеке және заңды тұлғалардың еркін түрде бөлген қаржыларын біріктіріп, қайырымдылық жасап, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жолдау;

Дәстүрлі рухани және діни құндылықтарды дамыту, бейбітшілікті нығайту, қоғамда достық пен келісімді сақтау;

Рухани білім беру ұйымының, діни, тарихи, мәдени маңызы бар ғимараттар мен нысандардың қызметін қамтамасыз ету, діни мекеме қызметкерлерін және рухани ұйымдардың қызметкерлерін қолдау;

Халықтың діни сауатын арттыру, діни радикалимз мен экстремизмнің алдын алу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету және теріс пиғылды ағымдардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік тұрғыда бейімдеу.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper