15.11.2018 18:31



Радионы визуализациялау заман талабы

Сейсенбі, 10 Шілде 2018 16:20

Радионарықтағы жаңа өзгерістерге ілесу – заман талап еткен негізгі міндетіміз. Сондай трендтің бірі радионы визуализациялау, - деді «Азияның медиа диалогы» форумында «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Мәди Манатбекұлы.

Мәди Манатбекұлының айтуынша, радионы визуализациялау жоспары бойынша 2018 жылдың мамырынан бастап Қазақ радиосының тікелей эфир студиясына 360 градустық кәсіби робот камералар орнатылған. Бүгінде осы құрылғылар арқылы Қазақ радиосы Instagram, Facebook, ресми сайтта және YouTube арнасында тікелей эфирде, тестік режимде хабар таратады. Жыл соңына қарай, «Шалқар», «Астана» және «Классик» радиоларына да бейнекамералар орнатылады.

«Қазір «Қазақ радиоларының» әлеуметтік желідегі көрсеткіштері 4 радионы қоса есептегенде: Facebook желісіне жазылушы былтырмен салыстырғанда 44% артып, Instagram-да – 16 есеге өсті. Әр радионың жеке сайты бар. Бұған қоса, «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының төрағасы Ерлан Тынымбайұлының бастамасымен жүзеге асқан «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасының жұмыс істеп тұр. Осы арқылы әлемнің кез-келген нүктесінен корпорация құрамындағы телеарналар эфирін жоғары сапада көруге болады. Оның ішінде, Қазақ радиоларын да онлайн тыңдау мүмкіндік бар. Таяу арада подкасты бар интеллектуалды-мобильді қосымша ашуға дайындалып жатырмыз, -  деді Мәди Манатбекұлы.

Отандық радио кеңістігіне жаңа леп, серпін әкелу үшін 2019 жылдан бастап «Қазақ радиоларының» республикалық «Оtau-tv» спутниктік желісіне дербес арна ретінде қосу жоспарланып отыр.

Радионың әлі күнге жарнама нарығында 10% деңгейіне шықпағанын, Қазақстанда радиоға жарнама тапсырысының тек 6%, өзге елдерде 5-7% көлемінде екенін тілге тиек еткен  «Қазақ радиоларының» басшысы «Егер радионы интернет, мобильдік қосымша, әлеуметтік желі арқылы дамыта берсек, бұл көрсеткіштің өсетіні анық»,-деп сөзін түйіндеді.  

 АҚПАРАТ

Еуропа мен Азия медиаменеджерлері тәжірибе алмасып, радио саласын дамыту бойынша ой бөлісу үшін Астанада «Азия медиа диалогы» атты халықаралық форумда бас қосты.

Форум шілденің 10-12-сі аралығында өтеді.

Үш күнге жалғасатын жиында әлемге танымал журналистер мен телерадио басшылары өзара тәжірибе алмасады. Форум бірнеше бағытта өтеді. Оның біріншісі – «Азия елдеріндегі Радио», «Медиа 2020». Оның екеуі – диалог алаңы.

Айта кетерлігі, форумда Орта Азиядағы радионың бүгіні мен ертеңі, медиа саласындағы ортақ мәселелер талқылануда. Аудиторияны зерттеу, радио форматын қалыптастыру, озық тәжірибелерді ескеріп, телерадиохабар тарату саласын заманға лайық дамыту мәселелерін қаузау үшін 40 елден 150-ге жуық сарапшы келді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper