26.09.2018 21:23

359.76
423.26
52.34
5.21
5.47
58.86


Айырбастау пункттеріне алтын құймаларын сату құқығы берілді

Сәрсенбі, 11 Сәуір 2018 12:46

«ҚР-да валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» жаңа заң  жобасында банктік емес айырбастау пункттеріне Ұлттық Банк шығарған шағын алтын құймаларды сатып алу және сату құқығы беріледі.

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру барысында айтып берді.

Д. Ақышев «валюталық операциялар» ұғымына валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға не брокерлік қызмет көрсету туралы шарт негізінде беру, бейрезидент шығарған электрондық ақшаны резиденттің сатып алуы мен өтеуі және керісінше енгізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына ішкі валюта нарығында қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу және сату құқығы берілгенін айтқан Данияр Ақышев:

-  Көрсетілген түзетулер жеке тұлғалардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталды, сондай-ақ ішкі валюта нарығында бәсекелестікті дамытуға ықпал етеді, - деді.

Ұлттық Банктің басшысы заң жобасы қабылданған жағдайда бизнес субъектілеріне өз қызметін жаңа талаптарға сәйкес келтіру үшін уақыт қажет болатындығына назар аударды.

Ал заң жобасын қабылдау қарапайым азаматтарға әсер етпейді, себебі валюталық реттеудің ырықтандырылған қағидаттары сақталатындығын, өзгерістер ірі валюталық операцияларға ғана қатысты.

«ҚР-да валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» жаңа заң жобасының негізгі мақсаты – серпінді дамып отырған нарықтар жағдайында, оның ішінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру ескеріле отырып, валюталық заңнаманы жоспарлы түрде өзгерту.

 

АҚПАРАТ

Заң жобасын қолданысқа енгізу мерзімі – 2019 жылғы 1 шілде.

2020 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің өтпелі кезеңі аяқталады, ол кезде шетелдік қаржы ұйымдарының филиалдары ішкі нарыққа кіруге рұқсат алады. Сондықтан заң жобасының 1-бабы 3-тармағының 7-абзацы үшін қолданысқа енгізу мерзімі 2020 жылғы 16 желтоқсан болып белгіленді.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper