15.12.2018 10:24

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


«7-20-25» жүйесі бойынша өтініш беру биыл басталады

Сенбі, 31 Наурыз 2018 01:46

Ірі қалалардың тұрғындары банктен 25 миллион теңге кредит ала алады.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың мәлімдеді.

- Астана, Алматы, Атырау мен Ақтау сияқты ірі қалалар үшін несие көлемі – 25 миллион теңге. Ал басқа қалалардың тұрғындарына 10 миллион теңге, өңірлерде 7 миллион теңге беріледі. Мәселен, ірі қалаларда тұратын азаматтар 25 миллион теңге кредитпен аумағы 70 шаршы метр, 2-3 бөлмелі пәтер сатып ала алады. Ай сайынғы төлем 170 мың теңге шамасында шығады. Және жаңа бағдарлама бойынша ипотекалық несие тек теңгемен беріледі, - деді Олег Смоляков Астанада өткен дөңгелек үстелде. 

 

АҚПАРАТ

Елбасы ұсынған жаңа бағдарламаға сәйкес, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайды несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Көпшілік үшін тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған жүйемен 2018 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап баспана алуға өтініш қабылдау басталады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper