15.12.2018 10:29

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


«Қазақстан аруы» байқауының финалына дайындық басталды

Бейсенбі, 15 Наурыз 2018 15:25

31 наурыз күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін «Қазақстан аруы» байқауының финалына дайындықты бастау үшін финалға шыққан 30 ару Астанада бас қосты.

Қазіргі уақытта қатысушылардың ресми фотосессиясы, сондай-ақ бейне-таныстырылымдары түсірілуде.

Биыл қатысушылардың табиғи сұлулығына баса назар аударылғанын айтқан фотограф fashion саласындағы белді мамандардың бірі Марета Келигова:

- Біз бұрынғы бейнелерден аулақпыз. Сіздер енді ашық салтанатты киімдерді, бұйраланған шаштарды, ленталарды көре алмайсыздар. Қатысушылардың макияжы өте жеңіл, nude стилінде жасалған. Осылайша біз жастық шақты, табиғи сұлулықты көрсеткіміз келеді. Нәтижесі көңілдеріңізден шығады деп үміттенеміз, - деді.

Бас имидж-мейкер, байқаудың ресми  стилисті Айнұр Рыспекова:

- Әр қыз өзінше сұлу, жеңіске лайық. Расында да, табиғи сұлулықты негізге алдық. Grand Prix денсаулық және спа клубының  визажистері мен шаштаразшылар командасымен бірге олардың табиғи сұлулығын ерекшелеп көрсеттік. Көлемді бұрымдар, көлемді шаш үлгісін жасамадық.

Айта кетерлігі отбасылық жағдайларына байланысты байқауға «Теміртау аруы», «Қызылорда аруы», оқу мәселесіне қатысты «Петропавл аруы» келе алмай қалды. Олардың орындарына қалалардағы бірінші вице-арулар келді. 

Жақын күндері «Қазақстан аруы» байқауы аясында қайырымдылық және әлеуметтік науқандар басталады.

 

АҚПАРАТ

«Қазақстан аруы» байқауының финалына Қазақастан бойынша 20 бойжеткен және инстаграм-кастингтің 10 жеңімпазы қатысады. Бұл кастинг жасы 17-25 аралығындағы қазақстандық арулар арасында ақпан айының басында өткен болатын.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper