23.05.2018 20:38

326
382.2
51.05
4.78
5.29
67.45


Қазақстандық дизайнерлер Миланда өтетін сән көрсетілімде қатысады

Сейсенбі, 13 Ақпан 2018 16:18

Халықаралық «Сән мен Сахна» фестивалі үш жыл қатарынан халықаралық байқаулардың жеңімпаздарын Миланда өтетін сән көрсетілімде таныстырмақ.

Бұл сапар халықаралық «Сән мен Сахна» фестивалінің жеңімпаздары үшін үшінші рет ұйымдастырылып отырғанын айтқан Халықаралық «Сән мен Сахна» фестивалінің бас директоры Ханум Айдашова:

- Жыл сайын біздің фестиваль жеңімпаздарын Италияда таныстырады. Бұдан бөлек Отандық дизайнерлерге Әзірбайжан, Баку қаласы және Түркиядағы Ескишехир қаласына баруға мүмкіндік берген болатынбыз. Елордамыз Астана қаласының онжылдығында құрылған Халықаралық «Сән мен Сахна» фестивальдің биыл ауқымды мерейтойын атап өтуді жоспарлап отырмыз, - деді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық «Сән мен Сахна» фестивалі жас дизайнерлер арасында байқау өткізу мақсатында 5 жыл қатарынан еліміздің барлық аймақтарын қамтып отыр. Бұл фестиваль жас дизайнер үшін үлкен бастама. Себебі, мұнда модельер қарапайым ательеден бастап халықаралық, жоғары дәрежедегі дизайнерге дейін өсуге мүмкіндік ала алады.

Халықаралық «Сән мен Сахна» фестивалі нәтижелі 10 жылдық жұмыстың арқасында 50-ден астам қазақстандық жас дизайнерлерге бастама бере алды, еліміздің эстрада мен кино индустриясы, отандық телеарналар үшін 20-дан астам имиджмейкер дайындады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper