19.07.2019 18:16

384.87
432.52
55.95
5.54
6.11
68.17


«Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалі ашылды

Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017 10:34

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында және түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің ашылу салтанаты басталды.

Шараға  Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Якутия, Алтай, Башқұртстан және Қазақстан Республикасының аниматорлары  қатысуда.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында өткен баспасөз конференциясында ұйымдастырушалар, фестивальдің басты мақсаты «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылған фестивальдің мақсаты – түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдениет пен өнер ынтымақтастығын нығайту, анимациялық фильмдер арқылы балалар мен жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеу, Түркі мемлекеттерінің анимация саласындағы шығармашылығын кеңінен насихаттау, аниматорлар арасында іс-тәжірибе алмасуға, шеберлік сабақтарын өткізуге ықпал ету деді.
Түркі әлемі мемлекеттерімен қатар Қазақстанның барлық облыстарынан кәсіби және әуесқой аниматорларды жинаған Түркі әлемінің «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің қазылар алқасы 19 анимациялық фильмді сараптайтын болады.

Айта кетерлігі, қазылар алқасының құрамында Түркия мемлекетінің өкілі Йылдызчи Бекир, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің театр және кинематография бөлімінің бас сарапшысы Гүлнафис Мырзашева, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «Анимациялық кино» шығармашылық-өндірістік бірлестігінің редакторы, сценарист Салтанат Дүнгенбаева, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, режиссер Тынай Ибрагимов, «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев бар.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper