13.11.2019 08:01

388.81
429.01
55.49
5.57
6.08
67.45


Көкшетау қаласында 11 метрлік «Домбыра» монументі орнатылды

Сейсенбі, 09 Шілде 2019 14:44

Астана және Домбыра күніне орай Ақмола облысы, Көкшетау қаласы тұрғындары үшін қуанышты оқиғалардың бірі «Домбыра» мүсіндік композициясының ашылуы болды.

Монументтің авторы - белгілі мүсінші, суретші, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Манарбек Бұрмағанов. Көкшетаулықтар 11 метрлік монументтің орны Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының аумағын таңдады. Стелла демеушілік қаражат есебінен жасалған және орнатылған.

Ескерткіштің ашылуы Үкілі Ыбырай, Біржан сал және Ақан серіні бейнелеген жергілікті актерлер мен ақындардың орындауында көрсетіліммен ерекшеленді, ал облыстың 500 домбырашысы Түркеш пен Құрманғазының "Сарыарқа"күйін бір мезгілде орындады.

Мерекелік күн Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әртістері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper