13.11.2019 08:17

388.81
429.01
55.49
5.57
6.08
67.45


Білімді мыңды жығады

Сейсенбі, 21 Мамыр 2019 21:37

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында қалалық олимпиадасын өткізді.

Мақсат, полиглот жастарды анықтау және қолдау, өзгелерге үлгі ету. Тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, қазақстандық патриотизмді нығайту. Сондай-ақ жастардың білім деңгейін көтеру.

Олимпиада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Оған 18-22 жас аралығындағы азаматтардан 20-дан аса өтініш келсе, олимпиадаға оның 11-і  жіберілді. Байқау 4 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар ҚазТест жүйесінің В2 деңгейі бойынша (тыңдалым) тест тапсырмаларын орындаса, екінші кезеңде экранда көрсетілген мәтіннің (картинаның, видеоның) мазмұнын үш тілде түсіндірді. Ал, үшінші турда мәтінге ілеспе аударма жасаса, соңғы турда тапсырылған тақырып бойынша эссе жазды.

Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының Гуманитарлық колледж студенті Аяна Султамуратова 1-ші орын иеленсе, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің студенті Дамир Тауасаров екінші орынға жайғасты. Ал үшінші орынды  Астана медицина университетінің студенті Нұрғали Нақып пен колледж студенті Жанар Қуатбек өзара бөлісті.

Айта кетейік, осы сайыстың жеңімпазы Аяна Султамуратова енді республикалық олимпиадада Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғайды.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper