13.11.2019 07:38

388.81
429.01
55.49
5.57
6.08
67.45


Нұр-Сұлтан қаласында үздік тіл шеберлері марапатталды

Сәрсенбі, 22 Мамыр 2019 21:23

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген болатын. ХХІ ғасырда, ақпарат жылдам тарайтын дәуірде түрлі мәдениет бір-бірімен бетпе-бет келуде.

Мемлекеттің алдағы саясатын анықтайтын өлшемдердің бірі – халқының өзге әлем жұртшылығына деген көзқарасы. 130-дан астам этнос өкілін бауырына басқан қазақ халқы айналасына мейіріммен қарайды. Бұл – елдің тыныштығына, жастардың алаңсыз білім алып, өздерін жан-жақты дамытуына жасаған оң қадамы. Жастардың бірнеше тілді меңгеруі – дамыған 30 елдің қатарына кіруіміздің алғышарты.

Осы орайда  Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ-бірлесіп, «Тіл шебері – 2019» байқауын ұйымдастырды.

Мақсат:

үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау;

тіл мәдениетін көтеріп, жастарды білім бәсекесіне шақыру;

Байқауға 21-30 жас аралығындағы азаматтардан 30-ға жуық өтініш келіп түскен. Нәтижесінде 18 үміткер ақтық сында өз өнерлері мен білімін ортаға салып, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкері Гүлжан Серік республикалық байқауға жолдама алды. Ал екінші орынды ағылшын тілінің мұғалімі Мөлдір Жақсылық алса, үшінші орынды Бексұлтан Басықара мен Перизат Үсенбекова өзара бөлісті.

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper