13.11.2019 07:44

388.81
429.01
55.49
5.57
6.08
67.45


«Көркемсөз оқу шеберлерінің» байқауы өтті

Жұма, 03 Мамыр 2019 19:51

Нұр-Сұлтан қаласында «Көркемсөз оқу шеберлерінің» байқауы өтті. Шараны қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.

Жастар жылы аясында ұйымдастырылған байқауға 70-ке жуық өтініш келіп түсіп, оның ішінен ақтық сынға 13 қатысушы өтті. Қортынды кеште Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Айжан Алхабек қарсыластарынан оза шауып І-ші орын иеленді. ІІ-ші орынды аталған оқу орнының тағы бір студенті Айым қаршыға алса, ІІІ-ші орынды Еркебұлан Байқасов пен Ідіріс Дәмелі алды.

Іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін көтеру. Көркем әдебиетті насихаттап, дарынды жастарға жол ашу. Байқаудың талабы бойынша биыл 125 жылдығы атап өтілетін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Б.Майлин, С.Сейфуллин, С.Дөнентаев, І. Жансүгіровтің, 80 жылдығы атап өтілетін Ф.Оңғарсынованың шығармалары оқылады. Сонымен қатар кеште көрермендермен виктариналық ойын ұйымдастырылып, эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, байқаудың талабы бойынша Бас жүлде иеленген азамат республикалық көркем сөз оқу шеберлерінің сайысына жолдама алады. Яғни Айжан Алхабек алдағы уақытта республикалық байқауда бақ сынайды.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper