13.11.2019 08:49

388.81
429.01
55.49
5.57
6.08
67.45


Шарын шатқалында «Park Canyon» ойын-сауық паркі салынады

Жұма, 15 Наурыз 2019 16:40

Шарын шатқалында құны 1,5 млрд теңге болатын заманауи ойын-сауық паркі салынады.

Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Хабарламада, «Алматы облысының Кеген ауданында орналасқан Шарын шатқалында бұрын соңды болмаған, әлемдік стандарқа сай  «Park Canyon» ойын-сауық паркінің құрылысы 2019 жылы басталып 2020 жылға дейін жалғасады» деп жазылған.

Кеген ауданының әкімі Талғат Байедиловтың айтуынша, бұл жоба таулы аймақтың туристік әлеуетін айтарлықтай көтерілмек.

«Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 24 га жер телімі бөлініп отыр.  Жер кепкенен кейін бірінші кезекте 700 млн теңгеге құрылыс жұмыстары бастайды. Жоба іске қосылған жағдайда жылына орта есеппен 375 млн теңгеге ақылы туристік қызмет көрсететін болады. 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, бюджетке жылына 47 млн теңге қаражат түсіреді деп жоспарлап отырмыз», - деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, бұл нысан жанынан үш бірдей аспалы көпір салынады. Шатқалдағы бұл өткелдің ұзындығы 200 метр болса, биіктігі 80 метрге жетеді. Мұнда, 40 адамға арналған қонақ үй салу да жоспарлануда.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper