23.03.2019 06:38

378.17
429.11
56.48
5.43
5.88
69.01


«Алаш туы астында» атты деректі фильм Түркияда көрсетілді

Жұма, 21 Желтоқсан 2018 17:29

«Көкту» қазақ мәдениеті қоғамының бастамасы және Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қолдауымен «Алаш туы астында» атты деректі фильмнің Түркиядағы тұсаукесері Анкара қаласында өтті.

Бас қаланың қақ төріндегі тұсаукесерге Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Кітапханалар және басылымдар бас директорының орынбасары Яхия Өзен, Проф. Др. Хулия Касапоглу Ченгел, Проф. Др. Әбдуақап Қара, Доц. Др. Джемиле Кынаджы, Түріксойдағы Қазақстан өкілі АсқарТұрғанбаев, түрік зиялылары, қазақстандық студенттер қатысты.

Беташар сөзінде Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы желтоқсан айының қазақ ұлты үшін ерекше маңызы бар екенін айта келе Алаш қозғалысы жөнінде түсірілген ең ауқымды фильмді дайындап, Түркияда көрсеткен Көкту қоғамына алғысын жеткізді. "Ұлт азаттық күрес жолында Міржақып Дулатов "Оян, қазақ! Деген болса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» үндеулері арқылы "Оян, түркі әлемі!" деп шақырады" деген Елші енді түркі халықтарының тарихы терең түркі мәдениеті мен өркениетін жандандыру керектігін баса айтты.

«Алаш ұлттық қозғалысын бастаған зиялылар тек қазақ даласын ойлап қана қойған жоқ, олар бүкіл Орталық Азияның болашағын ойлады. Тәуелсіз мемлекет құра алмасада, тәуелсіз мемлекетте болуы қажет барлық шешімдерді қабылдады» , -  деді ол.

Проф. Др. Хулия Касапоглу Ченгел болса сөз кезегінде қазақ ұлт азаттық күресі өкілдері мен түріктің ұлтазаттық күресін жүргізген тұлғалар арасында өте жақын ұқсастық барекенін атап көрсетті. «Олар –бірдей рух, бірдей тебіреністің тұлғалары», -  деді ол.

Деректі фильм көрсетілімі Анкара тұрғындары, зиялы қауым өкілдер және жас зерттеушілердің көңілінен шықты.

Айтакетелік, ҚР Мәдениет және спортминистрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Ел» продюсерлік орталығымен бірлесе түсірген ұлт-азаттық Алаш қозғалысы туралы сыр шертетін «Алаш туы астында» деректі фильмі «Оян, қазақ!», «Жарияланбаған автономия» және «Қатерлі өткел» деп аталатын үш бөлімнен тұрады.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper