19.07.2019 18:22

384.87
432.52
55.95
5.54
6.11
68.17


Газ саласының мамандары тіл мерекесін өткізді

Жұма, 30 Қараша 2018 15:18

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында «ҚазТрансГаз» компаниясында Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Жарқын болашақ» атты дәстүрлі мемлекеттік тіл конкурсы өтті.

Ұлттық оператор компанияларының тобында осындай іс-шараны өткізу жақсы дәстүрге айналған. Жыл сайын конкурс жаңа форматта өтеді, осы жылы да Астана қаласында орналасқан «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының қызметкерлерінен жасақталған - қыздар командасы «Гүлдер Ай» мен жігіттер командасы «Самұрық Сарбаздары» сайысқа түсті.

Қатысушылар тапсырманы үш түрлі сынақ бойынша орындады: капитандардың дәстүрлі сайысы, «Не? Қайда? Қашан?» білгірлер ойыны форматында, онда командалар Қазақстан, Астана, газ саласы, тіл және әдебиет пен тарихқа қатысты сұрақтарға жауап берді. Конкурс «Астана: кеше, бүгін, ертең» деген шығармашылық турмен аяқталды. 

Барлық қатысушылар қазақ тілі, халықтар дәстүрі, Тәуелсіз Қазақстан тарихы, елордамыз Астананың тарихы туралы білім-біліктерін көрсетті. Өздерінің музыкалық және актерлік шеберліктерін де паш етті.

Конкурстың негізгі мақсаты – бұл мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оны игеру мен қолдану аясын кеңейтуге қоғамның қызығушылығын арттыру; қазақ халқының тіліне, дәстүріне, мәдениетіне құрметпен қарауға баулу.

 

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper