15.12.2018 11:21

371.31
419.32
53.83
5.33
5.59
69.05


«Елтаным» байқауының жеңімпаздары анықталды

Бейсенбі, 15 Қараша 2018 16:55

Имамдардың ұлттық құндылықтарды қаншалықты меңгергенін, салт-дәстүр мен ұлы тұлғалардың дін жайындағы еңбектеріне қатысты білімдерін сарапқа салған «Елтаным» байқауы мәресіне жетті.

Алғашқы турдан өткен 25 имамның арасынан ақтық сынға 8 үміткер жолдама алып, «Ұлттық салт-дәстүр мен ислам діні қағидаттарының үндестігіне қатысты білімін бағалау», «Қазақ даласына ислам дінін таратушы ұлы тұлғалардың еңбектерін білу деңгейі» және «Уағыз барысында сайыскер тілінің әдеби нормаға сай тазалығын таразылау» бағыттары бойынша екінші турдың сынағынан өтті.

Үміткерлердің деңгейін дін мен дәстүрде жетік ғылым докторлары, ғалымдар анықтады.

Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені (300 мың теңге) Алатау ауданындағы Д.Қонаев мешітінің бас имамы М,Кулсумаков жеңіп алды.

 

1 - орын Жетісу ауданы Сұлтан-Қорған мешітінің азаншысы М.Касимов (200 мың теңге);

 

2- орын Бостандық ауданы «Орбита-3» мешітінің наиб имамы Е.Мәжен (150 мың теңге);

 

3- орын Наурызбай ауданы Қарағайлы мешітінің наиб имамы Т.Пернебекұлы (100 мың) иеленді.

Ал арнайы номинация бойынша (75 мың теңгеден) Орталық мешіттің наиб имамы Қ.Ашимов, Әуезов ауданы Ақсай мешітінің наиб имамы Қ.Абишев иеленсе, ерекше көрсеткіші үшін (50 мың теңгеден) Бекет ата мешітінің наиб имамы Б.Сабралиев, С.Рахимбаевтар марапатталды.

Бұдан өзге «Елтанымның» биік деңгейде өтуіне ат салысқан қазылар алқасының мүшелеріне, бәйгенің іріктеу сынына қатысушылары да Алғыс хатпен марапатталды.

Байқау барысында белгілі өнер жұлдыздары Е.Қанаев, А.Тұрғынбек, Б.Бәзілжанов өнегелі сөзбен өрілген жыр-термеден шашу шашты.

Айта кетерлігі, мемлекеттік тіл жанашыры, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің басшысы, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазының ұсынысымен жүзеге асқан жобаға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбеков пен шаһардың бас имамы Еркінбек Шоқай ұйытқы болды.

comments powered by HyperComments

Жұмыс

<
1 - 10
>
JoomShaper